Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ибрагимов: Иманғали нағыз "қазағым" деген азамат қой

Опубликовано:

Танымал отандық әзілкеш Бауыржан Ибрагимов жақында ғана зейнетке шыққан белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов туралы бар ойын ортаға салды. Өнер иесі ұзақ жылдар бойы саяси салада қызмет еткен тұлғаны аса қатты сыйлайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/премьер-министр орынбасарының әкімшілігі: Коллаж: KAZ.NUR,KZ
Фото: видеодан кадр/премьер-министр орынбасарының әкімшілігі: Коллаж: KAZ.NUR,KZ: Instagram
"Имекеңді өте қатты жақсы көремін. Оның азаматтылығы, іскерлігі керемет. Біз бірге өстік, бірге жолдас болдық. Жалпы ұлтқа, мемлекетке, Елбасыға деген адалдығы жоғары деңгейде. Мен енді оның қасында жүргендіктен әр әңгімесін, әр іс-әрекетін жақсы білемін ғой. Атырауда да әкім болғанында бір жылдай қасында жүрдім.
Мен Имекеңнен мемлекет үшін әлі көп нәрсе алуға болар еді деп ойлаймын. Қазір оның нағыз жұмыс істейтін кезі. Меніңше, Имекеңнің ең бірінші дұшпаны - оның іскерлігі. Оны қайда қойса да, ол үлгі тұтарлықтай жұмыс істейді. Әдейі көрінейін, мені мақтасын деп істемейді. Оның жаратылысы сондай, жатпайды, тұрмайды, отырмайды" , - деді Ибрагимов.

Оған қоса, ол Тасмағамбетовтың Атырау әкімі болған кезіндегі сәттерін есіне алды.

"Атырауда әкім болып жүрген кезінде мен резиденцияда жатамын. Маған сол кезде айтады "менімен шығасың ба түнде?" дейді. Мен әрине, келісемін. Өзі көлік тізгінінде болады. Екеуміз таңғы сағат төрттен жетіге дейін барлық объектерді аралап шығамыз. Атырауда күн ыстық болғандықтан, жұрттың барлығы түнде жұмыс істейді.

Бәрін аралап болған соң, жетіге келіп душқа түседі. Сосын бірден әкімдікке жұмысқа барады. Сол кезде орынбасарларын жинап, сұрақ қойғанда олар ұйқыларынан енді тұрып келген. Ол өзі бәрін аралап шыққандықтан, барлық мәліметті біліп алған. Сосын қоластындағылардың жанын шығарады. Ол осылайша жұмыс жүргізетін адам.

Содан кейін халықтың арасында әңгіме шығады ғой. "Имекең, нағыз болашақ президент қой" дейді. Олар мына президентті алып тастап, осыны қою керек деп айтпайды. Қолынан іс келеді деген мағынада айтады. Осы тұрғыда, өз ойым сол сөз жоғарғы жаққа басқаша болып жету мүмкін. Осындай дұшпандар Имекеңе кесірін тигізді деп ойлаймын. Әйтпесе, Иманғали шынымен, қазағым деген азамат қой" , - деп ағынан жарылды Бауыржан Ибрагимов.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Ибрагимов Елбасымен достығы туралы бар шындықты айтқан болатын.

Оған қоса, театр майталманы өнердегі інісі Тұрсынбек Қабатовтың әзілін түсінбейтіні мен оны актер ретінде қабылдай алмайтынын жайып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835352-ibragimov-imangali-nagyz-kazagym-degen-azamat-koj/

pixel