Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердос Қанаев қиын сәтте демеу болған жандарға алғысын айтты

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қайғысына ортақтасқан жандарға алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/erdoskanaev
Фото: Instagram/erdoskanaev: Instagram

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Азандағы күлкінің кеш батқанда күрсініспен аяқталатынын білмейміз... Алланың пәрмені дегеніміз-сол. Құмға да түскен құмыра мезгілі жетсе, қирайды. Құдайдың құдіретінің шексіздігі де-міне, осында. Пендеге өлім-мирас, дүниеге қуантып келген құлыным көз жасымен суартып кеткенде де Жаратқаннан медет сұрап, қалған көзге көрінгендердің амандығын тілейді екен адам.
"Тұманды жел, қайғыны ел сейілтеді" деген... "Ботам-ай..."-лап қалған күндерімде жаныма жалау, көңіліме демеу, отбасыма сүйеу болып, көзімнің жасын сүрткен ел-жұртыма, ағайын-туған, дос-жаранға алғыс айтам. Қайғымды бөліскендеріңіз үшін сіздерге Алла разы болсын!", - дейді Ердос Қанаев.

Одан бөлек, "Жігіттер" тобының әншісі жүрегінен шыққан өлең жолдарын ұлына арнады.

"Жүргенде бала дейтін "тәтті" үйіңде,
Тәттіге жан дүниең қатты үйірме?
Бұл жалғанда не қиын дейтін болса,
Сол тәттіңнен айрылған сәт қиын де.
Жаратқан өзі берді, өзі алды,
Сынаққа сынып кетпе, қатты иілме.
Менің ұлым оранып ақ киімге
Пәк Аллаға оралды пәк күйінде", - деді ол.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Ердос Қанаевтың тұңғышы, Әбдурахим есімді ұлының көз жұмғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836947-erdos-kanaev-kiyn-knde-demeu-bolgan-zandarga-algysyn-ajtty/