Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "Big Bang" әншісінің "қыздарды зорлау" қылмысына қатысы бар болып шықты

Жарияланған күні:

Өикен жылдың көктемінде Оңтүстік Кореяда k-pop жұлдыздарының қатысуымен үлкен жанжал туындады. Өнер иелері түнгі клубта жас қыздарға жаппай жыныстық зорлық көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Spletnik.ru-ға сілтеме жасап.

Әйгілі Big Bang кәріс тобының әншісінің жыныстық дауға қатысы бар болып шықты
Ли Сын Хен. Фото: spletnik.ru: Facebook

2019 жылдың көктемінде "Жалынды күн" түнгі клубында әйелдер жаппай зорлық көрген деген ақпар тарады.

Атышулы оқиғаға 30 жастағы Чон Джун Ен мен 29 жастағы Чхве Джон Хунның қатысы бар болып шықты. Олар қыздарға алдын-ала есірткі беріп, олармен жыныстық қатынасқа түскен сәтін видеоға түсіріп, артынша өздерінің құпия чаттарына таратып отырған.

Чон Джун Ен мен Чхве Джон Хунға өткен жылдың қарашасында алты және бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Алайда қазір атышулы жыныстық дауға қатысты жаңа деректер шығып отыр.

Белгілі болғандай, бұл қылмысқа әлемге ең танымал "Big Bang" к-рор тобының солисі 29 жастағы Ли Сын Хеннің де қатысы бар болып шыққан. Ол көпшілікке Сынри лақап атымен танымал.

Жас жігіт "Жалынды күн" түнгі клубының пиар-директоры болған. Дегенмен ол өзінің жыныстық дауға қатысы бар екенін жоққа шығарды.

Ұзаққа созылған тергеуден кейін Сынриге айыптау үкімін шығарған. Ли Сын Хенге қылмыстық әрекетті ұйымдастырды деген айып тағылған. Соттың басқа да деректері әзірге белгісіз. Поп жұлдыздың өкілдері ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Тергеу барысында "Жалынды күн" клубының құпия чатында Сынридың жыныстық қызмет көрсету үшін қыздар табуға өтініш жасаған хаты жарияланған. Сол кезде аталмыш іске бірнеше полицейдің қатысы бар екендігі белгілі анықталды. Олар қылмысты жасырып, құпия чат мүшелері болған.

Айта кетсек, аталмыш клубтағы жыныстық дауға жалпы 350 жуық адамның қатысы бар. 1600-ден астам қыз зардап шеккен. Сондай-ақ, көңіл көтеру орнындағы жезөкшелікке кәмелет жасына толмағандар да тартылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі BTS кәріс тобының Джимин есімді солисіне қатты ұқсағысы келген 19 жастағы жігіттің 15 рет пластикалық ота жасатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839058-jgili-big-bang-nsisini-kyzdardy-zorlau-kylmysyna-katysy-bar-bolyp-sykty/