Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араңдатушылыққа жол бермейік": Роза Рымбаева қазақстандықтарды бірлікке шақырды

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева желіде аса әсерлі жазбамен бөлісіп, барша отандастарын бірлік пен татулыққа шақырды. Өнер иесі елімізде жақында орын алған қайғылы жағдайға байланысты халыққа үндеу жасап, өзі де көп ұлтты ауылда туып-өскенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/rozarymbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/rozarymbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Роза Рымбаева Instagram желісінде Қазақстанның көп ұлтты, бірлігі жарасқан үлгі тұтар ел екенін ұмытпауға шақырып, отандастарына дау-дамайдың ешқандай жақсылық әкелмейтінін түсіндіруге тырысқан.

Оған қоса, өнер иесі өзі де көп ұлтты ауылдан шыққанын айтып, оның туып-өскен жерінде бәрі бір-бірімен тату-тәтті болғанын алға тартты.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы араңдатушылыққа жол бермеу керек екенін жеткізді.

"Мен көп ұлтты ауылда туып өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білу керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық. Түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейді, ақылды болайық, араңдатушылыққа жол бермейік" , - деп жазды Рымбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан "Қазақстанның Еңбек ері" марапатын алған болатын. Мемлекет басшысы дүлділ әншіні Ақордада қабылдаған.

Өнер иесі президентпен кездесуден соң, алған әсерімен желіде бөліскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840164-aradatusylykka-zol-bermejik-roza-rymbaeva-kazakstandyktardy-birlikke-sakyrdy/