Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Роза Рымбаевамен кездесті (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.

Роза Рымбаева Қазақстан президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты.

Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Еске сала кетсек, күні кеше Роза Рымбаеваға "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілсе, Тамара Асар мен Димаш Құдайберген "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды.

Сонымен қатар Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қолынан "Құрмет" орденін алған.

Осы орайда отандық жұлдыздар мемлекеттік наградалармен марапатталған өнердегі әріптестерін әлеуметтік желі жаппай құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831777-tokaev-akordada-roza-rymbaevamen-kezdesti-foto/

pixel