"Аса қуанбадым": Асылхан Төлеповтің жары актермен қалай танысқанын айтты
Жарияланған күні:
Танымал актер Асылхан Төлеповтің жары Айсұлу болашақ жарымен қалай және қай жерде танысқанын айтып берді. Айсұлудың сөзінше, ол өнер иесімен әпкесінің арқасында танысып, бүгінде отбасы болып отыр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Айсұлу Instagram парақшасында жазды.
"Жас күнінде менің ата-анам Тұрсын ата мен Нұрпатша апамен жолдас болған. Бұл достық нағыз туыстық қарым-қатынасқа ұласты. Әкем олардың Гаухар (Гаухани) есімді қыздарын ерекше ұнатты. Мен университеттің соңғы курсында оқып жүргенімде Гауханимен бірге тұрдым. Сол жылы жездем Тимур ағамен таныстым, ол Асылханның немере ағасы.
Жақында той болатынын естіп, ұзатудан екі апта бұрын жұмыстан сұранып кетуге сылтау іздедім. Таңда жұмысқа жиналып жатқан кезде әдеттегідей Instagram-ды қарай бастадым. Сол кезде "assylkhantolepov жазбаға лүпіл қойды" деген жазу шыға келді.
Жалған парақша шығар деген оймен парақшамды жаба салдым. Кейінірек жұмыста ішім пысқан кезде, суреттерді қарап отырып, Асылханның өзі екенін түсіндім. Шынымды айтсам, аса қуанбадым, себебі ол мені Гауханидің сіңлісі екенімді біледі деп ойладым", - дейді ол.
Айсұлудың сөзінше, Асылхан ұзату тойға келген құдалардың арасында жүрген. Оны Айсұлудың туған інісі бірден танып, Сартай батырмен суретке түскісі келіпті.
"Көйлек, сыйлық және Балқашқа дейін автобусқа билет сатып алдым. Автобуспен жол жүрген қиын. "Балқаш" деген жазуды көргенде жол бойы тартқан азабым аяқталды.
Асықпай жиналып, тойханаға бардым. Дүбірлі думан басталып та кетті. Бір кезде құдаларды шақырды. Сол кезде арасында кім жүрді дейсіз ғой? Дұрыс! Жаужүрек мың бала. Осы кезде жүрек тоқтап қала жаздады. Жоқ менің емес, інімнің. Ол бар даусымен "Няня, Сартай жүр ғой!" деді. Антрактіге дейін інім Сартаймен суретке түскісі келетінін айтып, жанымнан қалмады.
Мен келісіп, Асылханның жанына барып, қисынсыз бір-екі сөз айттым. Ол мені қылымсып тұр деп ойлады. Бірге суретке түсуге ұсыныс тастадым. Ол келісіп, жаныма тұра кетті. Мен өзіммен емес, ініммен түсуін өтіндім. Ол оны құшақтап, суретке түсті.
Бұл суретті өзімнің парақшама салып қойып, батырымызды белгілеп кеттім. 10 минуттан кейін ол жаныма жақындап: "сені қайдан көрдім десем, Instagram-нан көріппін ғой" деді.
Осылайша мейрамханадағы кіреберісте жарты сағат отырып, әңгімелестік. Кейін ол әңгіме Алматыда да жалғасты", - деп түйіндеді сөзін ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұағн дейін актердің жары неке қию рәсіміндегі қызықтармен бөліскен еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841842-asa-kuanbadym-asylhan-tlepovty-zary-aktermen-kalaj-tanyskanyn-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.