Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемнің сұлулығын сыйдырған": Ұлттық киімдегі Сәдуақасова елді тәнті етті

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мадина Сәдуақасова желіде ұлттық киіммен түскен видеосымен бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желідегілер өнер иесіне қатысты оң пікірін білдіріп, оның өз ұлтына деген сүйіспеншілігіне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мадина Сәдуақасова аталмыш видеоларды Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Онда әнші ұлттық киіммен Шарын шатқалында жүргенін аңғаруға болады. Бейнежазбада ол өзінің туған жерінің табиғатына сүйсініп тұр.

"Ата- бабаларымыз біздерге аманат етіп қалдырған жеріміз әлемдегі ешқандай жерге жетпейді ғой, шіркін" , - деп жазып қойған бейнематериалдың астына ол.

Желі қолданушылары Сәдуақасованы бұрын-соңды мұндай образда көрмегенін алға тартты.

Олар өнер иесіне киімі жарасымды екенін жарыса жазуда. Оған қоса, оқырмандар эстрада жұлдызының туған жеріне деген сүйіспеншілігіне тәнті болған.

"Туған жерімізге жетер жер жоқ бұл әлемде" , "Мадина сізге осы образ ерекше жарасады екен" , "Ең сұлу әртіссіз мен үшін" , "Мына образда ерекше әдемісіз" , "Ашық образдардан қарағанда осындай киім үлгісі жақсырақ" , "Дұрыс, өз туған жеріңде клип таспалағанын керемет ой" , - деп жазуда оқырмандар.

Сонымен қатар, желі қолданушылары Сәдуақасованың үстіндегі киім қай ұлтқа тиесілі екенін қызу талқылады. Бірі өзбектің ұлттық киімі десе, енді бірі түрікмендердің киімі деп топшылады.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың бейтаныс азамтқа сүйеніп тұрған фотосы тарап, елдің қызу талқысына түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842945-lemni-slulygyn-syjdyrgan-lttyk-kiimdegi-sduakasova-eldi-tnti-etti-video/

pixel