Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайы жайлы жан сырын ақтарып, жылап жіберді. Әнші бүгінгі қоғамда неге көңілі толмайтынын және қандай жайттар жүрегін ауыртатынын ашық айтты. Өнер иесі бар ойын ортаға салып, әсерлі сұхбат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тоқтар Серіков қазіргі қоғамның енжар әрі қорқақ болып бара жатқанын айтып, өзі күйінетін бірқатар мәселелерді атап өтті.

Өнер иесі халықтың жағдайы туралы сөз қозғап, көз жасына ерік берді.

"Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жем болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады.
Бізді соншама не байлап ұстап тұр? Соншама сорлы болатын ел емес едік қой. Сонша бізді құртып тұрған не нәрсе? Осы нәрсеге миым жетпей қойды.

Бір ақылсымақ, данагөйлер бар. Шығып алып, халыққа өзінше болып ақыл айтып, кеңес айтып, сабырға шақырған түрлері ғой. Бір азаматтар бар, аттарын атамай-ақ қояйын. Шеттерінен ақылшы бәрі.

Соның жүрегі сезбей ме? Сезіп тұр ғой. Көзі көрмей ме? Көріп тұр ғой біздің елде не болып жатқанын. Осы нәрсені көріп тұрып, өтірік батыр болатындарына жүрегім ауырады" , - деді Серіков.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков не себепті әлі күнге дейін бірде-бір саяси партия құрамына кірмегенін айтқан болатын. Өнер иесі "ұйықтап отыратын депутаттармен" бірге жұмыс істегісі келмейтінін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843220-halykty-zagdajy-turaly-sz-kozgagan-toktar-serikov-zylap-ziberdi-video/