Сүйікті жігітіне "үйлену туралы ұсыныс" жасаған жұлдыздар кімдер
Жарияланған күні:
Адамдар арасында үйлеуге ұсынысты тек ер азамат жасауы керек деген түсінік бар. Осы ретте, KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасап, бұл қағидаға бағынбай, сүйіктісіне алғашқы болып ұсынысты өзі жасаған танымал нәзік жандылардың тізімін анықтады.
Бритни Спирс
Әйгілі әнші Кевин Федерлайнға 2004 жылы Дублиннен Нью-Йоркке ұшып бара жатқан сәтте ұсыныс жасаған. Бастапқыда қатты таңырқаған Кевин Бритнидің ұсынысына "жоқ" деп жауап беріп, бұл сұрақты ер адам қоюы керектігін айтқан.
Дегенмен қос ғашық 2004 жылдың қазанында үйленіп, үш жылдан соң ажырасып кетті. Бүгінде олардың ортақ Шон Престон және Джейден Джеймс есімді екі ұлы бар.
Кристен Белл
Дакс Шепард Кристенге 2009 жылы ұсыныс жасағанымен, олар 2013 жылы Кристеннің твиттер арқылы Дакске жасаған ұсынысынан соң ғана шаңырақ көтерген. Қазіргі уақытта олардың Линкольн және Дельта есімді қыздары бар.
Диана фон Фюрстенберг
Дизайнер Диана сүйіктісі Барри Диллердің ұсынысын бірнеше рет кері қатйарған. Алайда ол миллиардердің туған күніне не сыларын білмей, оған "Егер қаласаң, туған күніңде саған тұрмысқа шығайын" деп хат жазған. Барри бұл ұсынысты қуана қабылдаған.
Мэрайя Кери
2017 жылы Мэрайя бойфренді, биші Брайан Танакеге үйленуге ұсыныс жасаған. Ол келіскен, алайда олар көп ұзамай айырылысып кетті.
Анджелина Джоли
Актриса Брэд Питпен 2005 жылдан бастап кездескен. Уақыт өтіп, балалары көбейген соң ол Питке үйлену туралы ұсынысты өзі жасаған. 2012 жылы олар атастырылды. 2014 жылдың 23 тамызында үйлену тойлары өтті. Дегенмен көпшілікті қуантқан тойдан екі жыл өткен соң, Джоли ажырасуға өтініш берген.
Пинк
2005 жылы әнші жағдайды өз қолына алып, мотокросс жұлдызы Кэри Хартқа үйлену туралы ұсынысты жарыс кезінде жасаған. Содан жарты жыл өткен соң олар отбасын құрып, Уиллоу есімді қыздары мен Джеймс атты ұлдары өмірге келген.
Еске сала кетсек, 20 жастағы тәжікстандық ару әйгілі Dolce & Gabbana сән үйінің ресми өкілі болған еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843493-sjikti-zigitine-jlenu-turaly-synys-zasagan-zldyzdar-kimder/