"Болғанымыз бір-ақ рет": Басы дауға қалған Азамат Омаров өз шындығын баяндады
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Марат Омаровтың ұлы алғаш рет өзінен 12 жас кіші аруды жүкті етіп, тастап кеткені жайлы оқиғаға пікір білдірді. Азамат Омаров түркістандық арумен төсектес болғанын растағанымен, онымен төрт ай бойы кездесіп жүргенін жоққа шығарды. Ол бойжеткенге үйленуге уәде бермегенін де айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Азамат Омаров бұл жағдайда кінәсі бар екенін мойындап отыр. Айтуынша, өзіне қатысты шыққан бағдарламадан кейін, оның парақшасына қарғыс жазушылар қаптап кеткен.
Алайда әншінің ұлы бүгінде бәрі аяқталғанына қуанышты екенін жасырмады. ДНҚ сараптамасы сәбиді оның туған қызы екенін растап шықты. Сол себепті, Азамат некесіз дүниеге келген перзентіне өз тегін берді.
"Ол қызды танимын. Бір сәтте болғанбыз да рас. Бірақ төрт ай жүріп, оған бір уәде беріп дегендей болған жоқ.
Сосын екі жыл өткен соң, "сенің қызың бар" деп шыққаны мен үшін бір аспаннан түскен секілді жаңалық болды. Ең бастысы, қазір бәрі бітті. Қызды Көзайым Азаматқызы деп атадым.
Кәмшатқа бақыт тілеймін. Ол да бір қысымнан көрсеткен шығар. Мен ол қызды жамандамаймын. Әрине, кінә менен де бар. Бірақ, мен онымен араласып, оның қандай екенін де білмедім. Өзі болғанымыз бір-ақ рет" , - деді әншінің ұлы.
Оған қоса, Азамат Омаров өзінің ойынқұмар екені жайлы қауесеттерге жауап берді.
"Екі жыл бұрын өзім отбасымдағы мәселелермен құбылысты болып жүргенмін. Көңіл күйім болмай жүрді. Қазіргі кезде ондай жоқ. Сол кезде машинамды саттым.
Қазір көлігім де бар. Бәрі жақсы. Ондай нәрсеге құмар да емеспін. Казинода да болған жоқпыз. Неге олай айтқанын білмеймін.
Жеке парақшама да жазылған қарғаулардың барлығы өте жағымсыз нәрсе болды. Сол жағы біткеніне өте қуаныштымын. Әке-шешемнен кешірім сұраймын. Достарыма, ұлыма "бұл пиар жолы" деп кейде күлкі мен позитивке айналдырып жіберетін кездер болады" , - деп нүктесін қойды ол.
Бұған дейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.
Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844232-bolganymyz-bir-ak-ret-basy-dauga-kalgan-azamat-omarov-z-syndygyn-baandady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.