Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарты сағат қоңырауды басты": Мақпал Жүнісованың үйіне бейтаныс адам кірмек болған

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова үйіне белгісіз ер адам кірмек болғанын айтты. Өнер иесіне мүлде таныс емес азамат үй қоңырауын жарты сағат бойы басып тұрған. Бетперде киіп алған адам эстрада жұлдызының күдігін тудырып,тсары уайымға салып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhunusova.makpal/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бейтаныс адам үйіне кірмекші болғанын әнші бірден желі қолданушыларымен бөліскен.

Жүнісова Instagram парақшасында маскадағы ер азаматтың есік алдында қоңырауды басып тұрған сәтінен видео жариялап, көпшіліктен көмек сұрады.

Сахна жұлдызы оқырмандарының арасынан кімде-кім бейнежазбадағы ер адамды таныған болса, өзіне жазуын өтінген. Өнер иесі күдікті азамат жайында мағлұмат тапқысы келетінін айтты.

Сонымен қатар, Мақпал Жүнісова үйіне келген адамның карантин уақытында көше кезіп жүргеніне қатты таңғалған.

Эстрада өкілі бейтаныс жігіттің үй есігінің алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтты.

Желідегілер өз кезегінде ер адамға қатысты түрлі болжам айтты. Бірі оны шатасып кеткен болар десе, енді бірі азамат ұры болуы мүмкін екенін ескертті.

"Жарты сағат біздің есіктің қоңырауын басқан кім екен? Карантин болғасын неғып жүр екен? Камераға түсіп қалдыңыз, абайлаңыз, танысаңыздар, аты-жөні кім? " , - деп жазды Жүнісова.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түскенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849605-zarty-sagat-koyraudy-basty-makpal-znisovany-jine-bejtanys-adam-kirmek-bolgan/

pixel