"Қуған жоқпын, өзі кетіп қалды": Жеңіс Ысқақова келіні туралы шындығын ашты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова ұлының ажырасуына қатысты бар шындықты ашып айтты. Эстрада жұлдызы ел арасында келініне күн көрсетпегені жайлы тарап кеткен қауесеттердің барлығын жоққа шығарды. Өнер иесі ұлының әйелін үйден ешкім қумағанын алға тартты. Белгілі болғандай, жұлдызды әулеттің келіні өзі кетіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жеңіс Ысқақова көпшілік жағдайдың анық-қанығын білмей, өзін орынсыз сынап жатқанын жеткізді. Әнші екі екі жасты барынша қосуға әрекет жасағанымен, олар ажырасуға шешім қабылдаған.
"Үлкен той жасадық. Немере күттім. Бірақ, қайтеміз. Солай болу керек болған шығар. Тағдырдың салған ісіне ештене істей алмайсың. Ол мен емес, жолдасым емес. Олар да ақыл тоқтатқан қыз бен жігіт. Олардың таңдауы сол болды. Енді не істейсің? Байлап тұрғызбайсың ғой. Сондай жағдай болды. Мен бірге тұрған жоқпын ғой. Мен бөлек шығып кеттім. Бәрі менен көрді. Халық кінәлауға жақын тұрады ғой.
Кімнің ақ, кімнің қара екенін әркім өзі біледі және Алла біледі. Ал біреудің алдында ақталатын жағдайым жоқ. Қосқым келген жоқ емес. Қосуға тырыстым, әрекеттендім. Бірақ, болмады. Енді не істейін? Сабаймын ба? Әр отбасы өз алдына бір мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Сол сияқты менің отбасыма келген адам менің заңыма бағыну керек. Ол менің дәстүрімді бағаламаса, ауамды жұтып, суымды ішіп, менің байлығымды мен сияқты пайдаланып жатқан соң, кешіріңіз.
Ұнамаса, мархабат. Мен қатты айтамын. Бірақ, мен өте шыдамды адаммын. Мен көп шыдаймын. Содан кейін ғана, не бүк қыламын, не шік қыламын. Мені шарықтау шегіме жеткізбеу керек. Жарылсам атом соғысы болады. Соны көргісі келмеген болар, мен жоқта кетіп қалыпты" , - әнші.
Оған қоса, өнер жұлдызы болашақта келіп түсетін келінге қояр талабын да айтып өтті.
"Мен бөлек шығармаймын. Еш уақытта шығармаймын. Маған келін боламын деген қыздар, естеріңізде болсын. Мен үш жылға дейін бөлек шығармаймын. Үш жылдан кейін жіберемін. Үш жылда олар маған бауыр басу керек, мен оған үйренуім керек. Келетін немерем маған бауыр басу керек. Үш жылда біз бір-бірімзге үйренуіміз керек. Даладан жат болып келген адам, сыртта тұрса солай жат болып кетеді. Үш жыл менімен тұруға дайын қыздар болса, хабарласыңыздар" , - деді ол.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850628-kugan-zokpyn-zi-ketip-kaldy-zeis-yskakova-kelini-turaly-syndygyn-asty/