20 жыл бұрынғы сурет: Динара Сұлтанның жас кезіндегі суреті қызу талқыға түсті (фото)
Опубликовано:
Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Динара Сұлтан да мұрағаттағы суретімен бөлісті. Өнер иесі осыдан 20 жыл бұрын түсірілген фотоны жариялап, сахнаға енді шығып жүргені кезін есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан 20 жыл бұрынғы суретпен Instagram парақшасында бөліскен.
Бүгінде алты баланың анасы атанған әнші жастық шағындағы кезін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантып қойды.
Аталмыш фотода Динарадан басқа бүгінде қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздарына айналған Бейбіт Кушкалиев пен Ринат Гайсин де бой көрсеткен.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының естелік фотосына тамсана қарап, әншінің жазбасын қызу талқыға салған.
"Қандай керемет кезеңдер еді" , "Жалындаған жастармыздар мына фотода" , "Өнерге енді қадам бастап келе жатқан жұлдыздар едіңіздер, Бүгін армандарыңыз орындалды" , "Естен кетпес ең жылы сәттер екенін сөзсіз" , "Мүлдем өзгермегенсіз. Әлі де жап-жассыз" , "Қазір де осылай жас болып көрінесіз" , "Ринат Гайсин мен Бейбіт Кушкалиев қой қасыңыздағы" , "Танымай қалдым сіздерді" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтан ТЖ режимі аясында енгізілген онлайн оқуға қатысты пікір білдірген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851066-20-zyl-bryngy-suret-dinara-sltanny-zas-kezindegi-sureti-kyzu-talkyga-tsti-foto/