Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай жерім көрініп қалыпты": Дина Төлепберген шулы фотосына қатысты жауап берді

Жарияланған күні:

"Астарлы ақиқат" бағдарламасының тележүргізушісі Дина Төлепберген "жастық челленджге" қатысқаны үшін желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік ел алдында жүрген журналистің бұл әрекетін ерсі санап, оны сынға алған болатын. Алайда, БАҚ өкілінің өзін сөккен жұртшылыққа айтар жауабы дайын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дина Төлепберген ашық образы үшін өзін сынап тастаған желі қолданушыларын орнына қойды. Тележүргізуші Instagram парақшасында жазба жариялаған.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!

Ал мына суретте мен бапкеріммен бірге. Жүзген кезде, жақсы есу үшін қолдың позициясын түсіндіріп тұр. Ал сіз не көріп тұрсыз? Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар" , - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дина Төлепберген денесін жастықпен жауып тұрған фотосын жариялаған болатын. Тележүргізуші атышулы челленджге қатысып, басы дауға қалған полицейді қолдап шықты.

Оған қоса, Дина Төлепбергеннің коронавирусқа тест тапсырғаны белгілі болды. Белгілі журналист құрғақ жөтелі тоқтамай қойғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851682-kaj-zerim-krinip-kalypty-dina-tlepbergen-suly-fotosyna-katysty-zauap-berdi/