Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген жастықпен суретке түскен алматылық полицейге қолдау білдірді

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген атышулы "жастық челленджіне" қатысып, басы дауға қалған полицейді қолдап шықты. Тәртіп сақшысына қолдау көрсете одан қайталап, жастықпен түскен фотосын жариялаған журналис те елдің аяусыз сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen/желіде ьараған сурет. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dina_tolepbergen/желіде ьараған сурет. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дина Төлепберген Instagram парақшасында жалаңаш денесіне жастықтан жасалған көйлек киіп алған суретін жариялап, желіні шулатты. БАҚ өкілі бұл әрекетке аталмыш челлендж салдарынан даулы оқиғаға тап болған полицейді қолдау үшін барған көрінеді.

Журналист жастықпен түскен фотосы үшін қызметтік тексеріске ілінген тәртіп сақшысының оқиғасын түсіндірді.

"Суретке түстім. Күйеуіме жолдадым. Күлдік. Таңертең тұрсам, бүкіл әлеуметтік желі шулап жатыр. Қызметтік тергеу басталыпты. Меніңше тура осы сценарий Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасарымен болған. Оның шу болған суретін біреудің қасақана жариялағаны анық. Ал фотоға анықтап қарасақ, кәдімгі қарапайым, жатын бөлме. Құқық қорғау қызметкерінің халықтың ақшасымен баспанасын алтын жалатпағаны анық. Бұрышта кішкентай қорап. Онда ойыншықтар. Соған қарағанда, ол да біреудің әкесі.
Карантин кезінде полицейлерге оңай емес. «Неге көшеде себепсіз жүрсіз?» деген сұрағын көтере алмай, жұдырық ала жүгірген тұрғын қаншама. Шын мәніне келсек, олар өзін емес, сіздің қауіпсіздігіңізді ойлап жатыр емес пе?! Әлгі полицей менің туысым да, танысым да емес. Бірақ мен осы суретке оны қолдау үшін түстім. Формасын шешіп, денесін жастықпен жапқанында ешқандай сорақылық көріп тұрғаным жоқ. #QuarantinePillowChallenge. Ал ұлыма анасының жаңа көйлегі ұнағандай" , - деп жазды ол.

Полицейге қолдауын көрсетпек болған тележүргізушіні де жел оқырмандары сынап тастады. Олар Дина Төлепбергеннің қылығын аса ерсі санаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматылық лауазымды полицейдің жастықпен түскен суреті желіде қызу талқыланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851278-dina-tlepbergen-zastykpen-suretke-tsken-almatylyk-policejdge-koldau-bildirdi/

pixel