Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді атастырып қойған": Дастан Оразбеков бұрынғы ғашығын есіне алды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Дастан Оразбеков бұрынғы ғашығы туралы естеліктермен бөлісті. "Орда" тобының мүшесі кезінде сол ару үшін арнайы Тараз қаласына барып тұрғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/dastanello82/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dastanello82/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі болғандай, Дастан Оразбековтың ата-анасы оны бала кезінде сол қызбен тіпті атастырып қойған болып шықты.

"Қазір де бар шығар деп ойлаймын. Достар өзара өздерінің балаларын құда түсіріп қояды. Тараз қаласында менің әкемнің жақын жолдасы Болат пен Ағайша әпкеміздің қыздарына атастырған болатын. Бірақ, басынан бастап, "жастар қосылады ма, қосылмайды ма өздері шешеді" делінген болатын. Сондықтан, кезінде Тараз қаласына сол үшін барып тұратынмын" , - деді әнші.

Алайда, отбасын Дастан Оразбеков өзге арумен шаңырақ көтерді. Бүгінде ерлі-зайыптылар екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов келіні қандай болғанын қалайтынын айтқан болатын. Өнер иесінің ұлы өзге ұлт қызымен көңіл қоспақ болып, алайда жұлдызды әкесінің келісімін ала алмаған болып шықты. Әнші үйіне келіп түсетін келіннің қазақ ұлтынан болуы керек екенін алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852668-bizdi-atastyryp-kojgan-dastan-orazbekov-bryngy-gasygyn-esine-aldy/

pixel