Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ болсын": Өнер иелері Ернар Айдардың ұтысына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Ернар Айдардың тап болған даулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Олар ТЖ режимін бұза тұра, жалған ұтыс ұйымдастырып ұсталған өнердегі інілері жайлы бар ойын айтты. Елге сыйлы әртістер бұл жағдай хитмен үшін үлкен сабақ болды деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/ernaraidar_kz/moldir.auyelbekova/aizhan_nurmagambetova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/ernaraidar_kz/moldir.auyelbekova/aizhan_nurmagambetova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ернар Айдардың ұтыс ойнына қатысты пікірін білдірген жұлдыздар қатарында Мөлдір Әуелбекова, Айжан Нұрмағамбетова мен Меруерт Түсіпбаева бар.

"Кешью" құрамында ән салып танылған өнер иесі хит әндер орындаушысын сабырға шақырып, бұл оқиға көпшілікке сабақ боларын алға тартты.

"Қандай жағдай болмасын бәрібір әр адам айналып келгенде жауапкершілігін сезіну керек. Енді ол Ернарға да, бізге де, өнер адамдарына да, яғни жалғыз бізге ғана емес, қарапайым халыққа да үлкен сабақ болсын деп ойлаймын" , - деді Әуелбекова.

Ал Айжан Нұрмағамбетова болса, өнердегі інісіне қолдау білдіріп, оқиғаға қатысты іс оңынан аяқталуын тіледі.

"Енді Алла тағала одан сақтасын, енді кішкентай баламызды жеп қоюға болмайтын шығар. Қалай болғанын мен білмеймін, оны жасайтын әншілер емес қой, актерлар емес. Оларға ұсыныс жасайды. Бізге де сондай ұсыныс болған пәтер, машина. Ондай ұсыныстар бізге де келеді" , - деді әнші.

Сонымен қатар, желідегі ұтыстар мен тренингтерге деген наразылығын ашық түрде білдіріп келе жатқан Түсіпбаева да бұл мәселеге қатысты ойын айтып өткен.

"Ернарды түсінемін, көргені сол болса. Ал мен әлі де Роза Рымбаеваға еліктеймін. Нашар үлгі деген нәрсе жұқпалы екен. Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер. Үлгіні сізге кім берер? Үлгі алар аға-апалар лоторея ойнатқан" , - деп жазды ол Instagram желісінде.

Айта кетейік, Ернар Айдар мен онымен бір бөлмеде жиналған он екі адам ТЖ режимін бұзғаны үшін ұсталған болатын. Алайда, кейін белгілі болғандай карантинде онлайн түрде ұтыс ұйымастырғандар алаяқтық бабы бойынша күдіктеліп жатыр. Олар халықтың сеніміне кіріп, ұтысқа билет сатудан 198 млн теңге табыс көрген болып шықты.

Конкурсқа қатысы бар бір топ азамат бүгінде уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Ал Ернар Айдардың өзі қамаудан босап шығып, үйіне оралған. Әнші бостандыққа шыға салысымен, видео үндеу арқылы көпшіліктен кешірім сұраған. Ол тергеу жұмыстарының адал өтуі үшін барынша көмектесіп жатқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853798-sabak-bolsyn-ner-ieleri-ernar-ajdardy-tysyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel