Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат емі - үйлену": Мөлдір Әуелбекова сүйіктісімен түскен фотосын жариялады

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы кездері оқырмандарына барынша ашылып, жеке өмірінің құпияларымен бөлісе бастаған. Өнер иесі өткен аптада қыр соңынан қалмай жүрген азаматқа үміт беруге қатысты желідегілер пікірін сұраса, бұл жолы тіптен сүйіктісімен түскен фотосымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасында жариялаған суреті желіде қызу талқыға түсті. Фотода эстрада жұлдызы көлікте бейтаныс ер адамның қолынан ұстап отырғанын көруге болады.

Оған қоса, өнер иесі махаббат туралы ерекше жазба қалдырып, өз жанкүйерлерін одан бетер қызықтырып қойды.

"Махаббат - жұқпалы ауру! Жұғу жолдары: вирустары көз арқылы кiрiп жүрекке әсер етедi. Белгiлерi: күндiз күлкі жоқ, түнде ұйқы жоқ, тамаққа тәбеті жоқ. Күтiмi: күнде кездесу. Емi - үйлену!" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары суреттегі азаматтың кім екенін анықтай алмай әлек болып, бірден Әуелбекованы сұрақтың астына алған.

Олардың басым көпшілігі жалғызбасты әртістің сүйіктісін жолықтырғанына шын көңілден қуанғанып, оған ақ тілегін білдіріп жатты.

"Бұл кім болды екен?" , "Жасырып жүрген серіңіз осы кісі ма?" , "Тамаша, сіз үшін қуаныштымын Мөлдір" , "Бақытқа лайықсыз" , "Сіздің бақытты болғаныңызды қалаймын" , "Ұзағынан болсын, махаббаттарыңыз баянды болғай - деп жазуда көпшілік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854228-mahabbat-emi---jlenu-mldir-uelbekova-sjiktisimen-tsken-fotosyn-zarialady/