"Бала-шағама ие боларсыз": Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге жауап берді
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Роза Әлқожа өзі жүргізген ұтыс ойныы талқыға түскен "Астарлы ақиқат" бағдарламасының ұжымына шүйлікті. Өнер иесі алдымен оны студияға ешкім шақырмағанын айтып, эфирде бұл мәселеге қатысты тек бір жақты көзқарас орын алғанына ашуланды. Оған қоса, эстрада жұлдызы бағдарламадан кейін жылап, күйзеліске түскені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Роза Әлқожа бағдарламаның бұл шығарылымынан кейін әлі ұйықтай алмағанын жайып салды. Ол ұтыс ойнына қатысты эфир өзіне қатты әсер еткенін жасырмады. Әнші тіпті денсаулығы сыр берген жағдайда Дина Төлепбергенге өзінің бала-шағасына еге болуын жазған.
Өнер иесі бағдарлама жүргізушісінің хабар барысында тек бір жақты пікірді ғана қарастырғаны үшін ренжіген.
"Неше түрлі жанға тиетін пікірлер кетіпті. Алла жар болсын!. Арнайы хабарды көріп шықтық. "Астарлы ақиқатқа" мені ешкім шақырған жоқ. Әбдіжаппарға "видео жіберсе" депті, жібердім. Сыртымнан "келмеді" дегені қызық болды. Алматыға енді ғана жеттік. Ауылда жүргенімді көріп отырсыздар. Дина Төлепберген бір жақты ғана пікір айтылған хабарыңызды көрдік.
Бір жылап, бір күн күйзеліске түсіп те үлгердік. Рахмет! Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама еге боларсыз! Алла сізге пана болсын! Көлік ұтқандар өздері де жаза жатар. Ал инвестор дегендердің "ауызы күймейді" екен. Маска киген ана бір әйелдің ақшасын алып беріп ек әрең. Ақбота әпке ойнатқанда тағы ақша салыпты. Өзі ақшаға жақын болса не дейміз?!.
Біз инвестицияны ешқашан жарнамалаған емеспіз! Ондай видео көрсеңіздер айтыңыздаршы! "Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды" деген бар. Әлі ұйықтаған да жоқпыз. Неше жылдық еңбек адыра қап, қарғыс та естідік. "Жүйелі қарғыс жүйесін табады.Жүйесіз қарғыс иесін табады." Оразада тілге де ораза ұстаған дұрыс шығар" , - деп жазды Роза Әлқожа Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, эстрада жұлдызы ел арасында шу тудырған ұтыс ойнына қатысты бірқатар мәліметтерді айтып өтті.
"Ұтыс ойынында өз туысы алды, әділ өткен жоқ" дегендер үшін. Мен мына кісіні танымаймын да! Үш көлік үш қалаға кетті. Атырау, Қарағанды және Түркістан. Кешегі дауға байланысты тағы да салып қояйын. Бірінші кезеңде бәрі әділ өтті. Ұтпағандарға ақшасын қайтарам деп айта алмаймын. Бәрі бірдей ұтпайды ғой. Ол менің қалтама түскен жоқ. Жарнама үшін ғана алдым.
Одан басқа ұйымдастырушылар таргетинг дегенге миллиондар жұмсап жарнама жасатып жатты. Оны өздері айта жатар. Ал, инвестор деген біздің келісімшартта көрсетілмеген. Маған "олар сізге дейін ақша салғандар. Енді инвестиция болмайды" деп сөз берген еді. Әйтпесе басқа әншілерді ескертер едім. Сіздерге ойнамаңыздар деп осында жаздым да негізі. Ол жігіттерге өзім де сендім. Бұлай болып кететінін білген де жоқпын" , - деп түсіндірді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Астарлы ақиқатта" Роза Әлқожа мен Ақбота Керімбекованың ұтыстары талқыланған болатын. Алайда, студияға қос әнші де келмеді. Керімбекова аталмыш бағдарлама тілшілеріне жауап бергісі келмесе, Роза Әлқожа өз пікірін видео арқылы жазып жіберген.
Алайда, бағдарлама эфир шыққан соң, Ақбота Керімбекова өз ұтысына қатысты бар шындықты айтты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855614-bala-sagama-ie-bolarsyz-roza-lkoza-dina-tlepbergenge-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.