Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөздерінде тұрмады": Айгүл Иманбаева ресми түрде ұтыс ойынын тоқтатты

Опубликовано:

"Астарлы ақиқаттың" өткен эфирінде шу шығарып, айқайға салған Айгүл Иманбаева енді ұтыс ойындарына қатысты ойын түбегейлі өзгерткен. Өнер иесі орын алған жайттардың барлығын саралап келіп, өзі өткізгелі жатқан акцияны тоқтатуға шешім қабылдаған. Әнші заңгерімен бірге ұтыс ұйымдастырушыларға барып, халыққа ақшаларын қайтаруды талап еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқатқа" сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айгүл Иманбаева бағдарлама барысында өз ұтыс ойны тоқтағанын ресми түрде мәлімдеді. Оның бұл шешіміне ұйымдастырушыларға деген сенімнің жоғалғаны себеп болса керек.

"Біріншіден жаратушыма сансыз алғыс айттым. Бұл жағдай менің басымнан өтіп жатқаны үшін рахмет дедім. Құдай сол күні далақтатып эфирге айдап келгеніне, оның үстіне қасыма ұйымдастырушыларды алып келгеніме. Өйткені, құдай іштегі дүниенің ақ екенін, халыққа қиянатым жоқ екенін көріп тұр.
Соның барлығын өзім қарап білгеннен кейін, өткен бағдарламаға келгеннен кейін ойланып, кеше заңгерімді ертіп ұйымдастырушыларға бардым да төтеден қойдым. "Жігіттер, қыздар мен мына акцияларыңды тоқтатуларыңды, халыққа ақшаларын қайтаруларыңды талап етемін" дедім. Бұл акцияға жауапты адамдар олар болған соң, халықпен өздері есептеседі. Өзім шештім. Бардым да тоқтаттым. Бұл жағдайдан көп нәрсе түйдім" , -деп ағынан жарылды әнші

Оған қоса, белгілі болғандай, эстрада әншісі бұған дейін эфирге ертіп келген ұтыс ұйымдастырушысын көптеген адам танып қойып, оған алданып қалғандарын жайып салған. Олар Дмитрий есімді жігіттен ақшаларын әлі қайтара алмай жүргендерін айтқан.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында Иманбаева ұтысын ұйымдастырушы топтың тағы бір былығы әшкере болды. Олар билет сатылымынан түскен ақшаның жартысын қайырымдылыққа жұмсауға уәде беріп, оны орындамаған болып шықты.

Ұйымдастырушылар жасөспірімдерді уақытша ұстау орталығына көмектесетініне сендіріп, сөздерінде тұрмаған. Мекеме қызметкерлері ол жігіттерді сол келгеннен кейін мүлдем төбе көрсетпегенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856614-szderinde-trmady-ajgl-imanbaeva-resmi-trde-tys-ojynyn-toktatty/

pixel