RU

"Шошаңдап кеттің": Құдайдан жігіт сұраған белгілі тележүргізуші сынға қалды

Отандық танымал тележүргізуші Диана Қырықбайдың желіде Құдайдан жігіт сұрап, басы дауға қалды. Ақпарат өкілінің жариялаған видеосы ел арасында қызу талқыға қалып, қатты сыналып та жатты. Оқырмандар оның әзілін дұрыс түсіне алмаған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Диана Қырықбай Instagram парақшасындағы бейнежазбасы үшін елден оңбай сөз естіді. Онда ол жаратушыға жалбарынып отырған адамның кейпін сомдаған.

Көзін жұма жоғары қараған тележүргізуші Құдайдан өзіне жігіт сыйлауын сұрайды.

Алайда, арудың мұндай форматтағы видеосы көптің көңілінен бірден шыға қоймаған. Бірі Диана Қырықбайдың қылығынан күлкіге қарық болып жатса, енді бірі оны сынап тастады. Кейбір оқырмандарға ақпарат өкілінің Құдайды әзілге араластырғаны ұнамай қалған.

"Миына вирус түскен" , "Құдаймен ойнама, басқа зат таппағандай" , "Басқа істейтін тірлігің жоқ па?" , "Шошаңдап кеттің соңғы уақытта" , "Байға тию керек. Болды ғой бала емессің ғой" , "Құдайды араластырғаны дұрыс болмады" , "Ертең келін болғанда ұялатын шығарсың" , "Не мазақ болды мынау" , - деп жазуда көпшлік.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі продюсер Тимур Балымбетов те желіде сынға ұшыраған болатын. Ол сүйіктісінің қолынан сүйгені үшін дауға қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861698-sosadap-ketti-kdajdan-zigit-sragan-belgili-telezrgizusi-synga-kaldy/