jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тәртіп сақшыларының үстінен шағымданған Кенталға Алматы полициясы жауап қатты

    : Instagram

    Алматы қаласының тәртіп сақшылары танымал әнші Кентал түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Видеодан кадр
    Видеодан кадр: Instagram

    Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адамның видеосын байқаған.

    Желіде тараған видеодан полиция қызметкері образындағы ер адамның "Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса, біреуді несие қинаса. Уайымдамаңыз. Бәрібір барлығымыз да өлеміз" деп айтқанын естуге болады.

    Тексеру кезінде жазба авторының әнші әрі актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) екені анықталған.

    Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде жарияланған пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырғанын білдірді.

    "Алматы полициясы бұл роликтегі полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес. Талғат Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекцияның таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында бұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғандығы орынды емес және қабылданбайды", - деп түсіндірді мегаполистің полиция департаменті.

    Еске сала кетсек, Кентал лақап атымен танылған отандық әнші құқық қорғау қызметкерлері өзін үйінен алып кетіп, бөлімшеге апарғанын жеткізген болатын.

    Оған өнер иесінің төрт жыл бұрын түсірген видеосы себеп болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.