Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреләнің отбасындағы той Алматы полициясының назарына ілікті

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен өз тойларында
Фото: Instagram/fariza_toreali

Құқыққорғау органдары Төреғали Төреәлінің қарындасының тойындағы суреттер мен видеороликтерге назар аударды. Карантин уақытында адам көп жиналатын мұндай ауқымды жиындарға тыйым салынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің 19 жастағы қарындасы Фаризаны ұзатты. Бойжеткеннің таңдауы спортшы Дархан Нортаевқа түскен.

Жұлдызды әулеттің дүркіретіп өткізген тойының бейнероликтерімен думанды кештің қонақтары қуана-қуана бөліскен. Мәселен, эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында Төлеповтер шаңырағындағы мерекелік жиынның қалай өткенін көрсетті. Видеодан той қонақтарының арақашықтықты сақтамағаны мен ешбірінде бетперде жоқ екенін көруге болады.

Олардың барлығы қол ұстасып, бидің түбін түсіріп жүр. Сонымен қатар, қонақтар арасында Төреғалидің өнердегі достары Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин де бар.

Ұзатуды үйде өткізген соң, жұлдызды әулет қуанышын оңтүстік астанадағы аса қымбат мейрамханалардың бірінде тойлауды жалғастырған. Дүбірлі тойдың видеолары әншінің жанкүйерлерінің ғана емес, полиция қызметкерлерінің де назарына іліккен.

Алматының полиция департаменті NUR.KZ редакциясына оқиғаға қатысты пікір білдірді. Құқыққорғау органының мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі кезекті мониторинг кезінде аталмыш тойдың бейнежазбаларына тап болған.

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, материалдарды жинап, шешім қабылдау үшін қалалық ТКҚСҚБК-ға жіберді. ТКҚСҚБК қызметкерлері карантин ережелерін бұзғандарды 425-бап бойынша жауапкершілікке тарта алады" , - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, жұлдызы отбасы мүшелері жас жұбайлардың қуанышында түсірілген суреттермен видеолармен әлі де бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870533-tregali-trelini-karyndasyny-zatuy-almaty-policiasyny-nazaryna-ilikti/