"Өте сабырлы жан": Фариза Төреәлі алғаш рет көпшілікке енесін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Осыдан бірер күн бұрын ғана Төреғали Төреәлі қарындасының ұзату мен үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Арманындағы ақ көйлегін киіп, өзін шынайы түрде қалыңдық сезінген Фариза Төреәлі оқырмандарына барынша ашыла алғаш рет қайын жұрты туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Төреәлі бұған дейін жолдасының отбасы туралы желіде көп ақпарат беріп көрмеген. Алайда, дүбірлі тойдан кейін қалыңдық ерекше әсер алса керек. Ол біріншіден, енесі туралы бар шындықты айтты.
Төреғалидің қарындасы екінші анасына Instagram парақшасында жазба арнаған. Оның айтуынша, жолдасының анасы үнемі оны түсініп, қолдап жүреді.
Фариза Төреәлі енесін өте сабырлы жан ретінде сипаттады. Оның үстіне екінші анасы келінін өзіне қатты ұқсататын болып шықты. Оны желі қолданушылары да растауда. Олар енесі мен келінінің өзара ұқсайтынын жазып жатыр.
"Менің сұлу анаммен таныс болыңыздар. Әрқашан мені түсінетін, қолдайтын және ақылын айтатын өте сабырлы жан. Мамам мені өзіне ұқсатады. Алла қаласа сіздердің бақыттарыңыз үшін Дархан екеуміз бәрін жасаймыз. Екінші суретте беташар. Бұл күні қатты қобалжығаннан не істеп жүргенімді түсінбей қалдым. Шыны керек бір жағынан қорықтым, бірақ барлығы ойдағыдан да жақсы өтті" , - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлінің отбасындағы дүбірлі той Алматы полициясының назарына ілікті. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі мониторинг кезінде думанды шараның видеоларына тап болған. Карантин кезінде адам көп жиналатын ауқымды жиындар өткізуге тыйым салынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870647-te-sabyrly-zan-fariza-treli-algas-ret-kpsilikke-enesin-krsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.