Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл суреті-2020": Атқа мініп, көлікпен жарысқан Төреғали көпті тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі көлікпен жарысып келе жатыр
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде су жаңа фотосессиясымен бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Арғымақ үстінде көлікпен жарысып бара жатқан әншінің суретін желідегілер жылдың ең үздік фотосы ретінде бағалады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлы дала баласы" желідегілердің асқан қызығушылығын тудырған суретін Instagram парақшасында жариялады. Онда ат үстінде шапқан Төреғалидің Gelandewagen көлігін басып озып бара жатқанын байқауға болады.

Аталмыш фото көл жағасында темір тұлпар мен арғымақтың үлкен жылдамдықта жарысып жатқан сәтінде түсірілген.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының суретіне өз пікірлерін қарша жаудырған. Алғашқылардың бірі болып Төреғали Төреәлінің өнердегі ағасы Сәкен Майғазиев жазды.

"Бүгінгі күннің ең үздік фотосы ма? Әлде жылдың үздік суреті ме?" , - деп өз ойын айтты ол.

Оған қоса, өнер иесі өзіне арнап, өлең жолдарын шығарған. Ол дүние есігін ашқан уақыттан, қазіргі кезіне дейін өмірін шолып өтті.

Сонымен қатар, әнші әншілік мансабы басталғалы өзіне елеулі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан барша жанашыр жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойы қалай өткенін жазған болатынбыз. Жас жұбайлар қуанышын Алматының қақ ортасында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өткен.

Тойда "Ұлы дала баласынан" басқа Нұрболат Абдуллин мен Әбдіжаппар Әлқожа секілді әншілер өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871210-zyl-sureti-2020-atka-minip-klikpen-zaryskan-tregali-kpti-tnti-etti-foto/

pixel