Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бред Питт Анджелина Джолиден айнымайтын арумен көңіл жарастырды (фото)

Опубликовано:

Бред Питт
Фото: Global Look Press

Әлеуметтік желі қолданушылары Бред Питтің жаңа махаббатын қызу талқыға алуда. Танымал актер Анджелина Джолиге ұқсайтын модель қызбен көңіл жарастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Актердің 27 жастағы модель Николь Потуральскимен Франция әуежайында кездесіп жүрген сәтін куәгерлер фотоға түсіріп алған деп жазады Daily Mail басылымы.

Бред Питт пен Николь әуежайда
Фото: Best Image /Backgrid

Анджелина Джоли ажырасу мәселесіне белсенді кірісіп жүрген уақытта оның бұрынғы күйеуі Бред Питтің жаңа сүйіктісі пайда болған сыңайлы. Жақында папарацци 56 жастағы актердің модель қызбен көңіл көтеріп жүргенін суретке түсіріп алды.

Бред Питт
Фото: Best Image /Backgrid

Желі қолданушылары Николь Потуральскидің Анджелина Джолиге ерекше ұқсастығы барын байқаған. Ал кейбірі оны керісінше Дженнифер Энистонға ұқсатуда.

Николь
Фото: Best Image /Backgrid

The Sun басылымына сұхбат берген куәгерлердің бірі бақытты жұптың Château Miraval шарапханасында бірге уақыт өткізгенін айтуда.

Шарапхана
Фото: AP

Джоли мен Питтің ортақ мүлкі саналатын шарапханаға Питт Джолимен ажырасқалы бері ешбір аруды кіргізбеген екен.

Николь
Фото: @nico.potur/Instagram.

Сол арада америкалық OK! журналына тағы бір куәгер Бред Питт пен Никольдың әуежайда өздерін нағыз қос ғашықтай ұстағанын баяндап берген.

Николь
Фото: @nico.potur/Instagram.

"Брэд Никольды құшағына алып, оған барынша көңіл білдірумен болды. Ол тіпті көпшіліктен қымсынбастан жаңа ғашығымен бірге әуежайда емін-еркін жүрді", - дейді куәгер.

Николь
Фото: @nico.potur/Instagram.

Берлинде модель болып жұмыс істейтін Николь Harper’s Bazaar, Grazia’s German editions, Elle Germany атты журналдардың мұқабасына шыққан.

Анджелина Джоли мен Питт
Фото: Getty Images

Сол арада Анджелина Джолидің бұл жайтқа қатысты не ойлайтыны белгілі болды. HollywoodLife порталына сұхбат берген жасырын дереккөз Джоли Питтің жаңа махаббатына қызығушылық танытатынын айтқан. Десе де оны тек бұл жайтты балалары қалай қабылдайтыны ғана алаңдатады екен. Ал қалғаны актрисаны қызықтырмайтын болып шықты. Себебі, ол Бредке деген сезімі баяғыда сөніп қалғанын алға тартыпты.

Еске салсақ, Питт пен Анджелина Джолидің ортақ алты баласы бар. Олар 11 жыл бірге тұрып 2019 жылы ажырасуға бел буады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871519-bred-pitt-andzelina-dzoliden-ajnymajtyn-arumen-kil-zarastyrdy-foto/

pixel