Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша алмаған": Белгілі композитор басы дауға қалған Ернар Айдарды сөз етті

Жарияланған күні:

Ернар Айдар
Фото: ticketon.kz

Қазақстанның мәдени қайраткері, танымал продюсер, Бауыржан Есебаев "Уақыт көрсетеді" деп аталатын YouTube парақшасында сұхбат беріп, Ернар Айдармен басы дауға қалғаннан кейінгі әңгімесін сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Лоторея - харам дүние, аулақ болуы керек... Одан халық та, менің әріптестерім де аулақ болу керек", - деп сөзін бастаған композитор Ернар Айдардың жағдайын есіне алды.

Ол лоторея ойнатамын деп басы дауға қалған әншімен сөйлескенін мәлім етті.

"Сол оқиғадан кейін Ернарды көрдім. Соңғысы, кеше ғана хабарласты. Ернардың не дейтінін біліп отырсың ғой, болған жайттың себептерін айтады. Басына іс түсіп, лотореядан шатылып қалғаннан кейін маған хабарласты. "Аға, бұл не болып кетті, өзі? Не істесем болады" деп. Оған "сенікі дұрыс емес, лоторея - харам, оған қайдан кіріп жүрсің" деп едім, "мен подписчиктерімді пайдаланып қаншама рет жарнама жіберіп отыр едім, солардың бірі секілді етіп жіберіп едім, пәлеге ұрындым" деп ақталды. "Барынша, шамаң келгенше, сенің мойныңда жүктеліп тұрған дүние - халықтың ақшасын қайтарып беру" дедім. Себебі, ол жерде миллиондаған теңге жатыр. "Бұл халықтың ақшасы, шамаң келгенше осы ақшаны қайтарып беруге атсалыс" дедім", - деп есіне алды ол.

Продюсер, сондай-ақ, Ернардың ақшаны алмағанын алға тартты.

"Біріншіден, ақшаны ол алмаған. Ол өзінің подписчиктеріне жіберген рекламасы үшін ғана ақша алған. Алты миллион деді ғой деймін. Ал енді ақшаның бәрін алған организаторлар", - дейді ол.

Композитор әншіге өз ақыл-кеңесін айтқан.

"Мен оған шамаң келгенше ол ақшаларды қайтарып беруге тырыс деп жол сілтедім. 190 миллионды халыққа қайтарып беруге тырыс. Барыңды сал, одан басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Және екінші рет бұған жолама" дедім", - деп сөзін аяқтады Есебаев.

Еске салсақ, бұған дейін Ернар Айдардың алаяқтық бойынша күдіктеліп жатқаны бұған дейін хабарлаған болатын. оңтүстік астанада жалған лотерея ұйымдастырған бір топ азамат ұсталған болатын. ТЖ режимін бұзып, желіде ұтыс өткізгендер арасында танымал әнші Ернар Айдар да бар болып шықты. Бүгінде аталмыш конкурсты ұйымдастырған адамдарға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1873754-aksa-almagan-belgili-kompozitor-basy-dauga-kalgan-ernar-ajdardy-sz-etti/