Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айнып қалмай тұрғанда": Жәния Джуринская үйлену тойын тез арада өткізуге асықты

Опубликовано:

Жәния Джуринская мен оның сүйіктісі
Фото: Instagram/djurinskaya

Атышулы актриса Жәния Джуринскаяға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін көпшілік одан той жайлы сұрап, сұрақтың астына алған. Шоу-бизнес жұлдызы желідегілердің көкейіндегі сұраққа көп күттірмей өзі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская үйлену тойын барынша жақын уақытта дүркіретіп өткізуге асық екенін жасырмады. Некелесу шарасын бұлай тез арада ұйымдастыруының өзіндік себебі де бар болып шықты.

Актриса Instagram парақшасында жанкүйерлерін қызықтырған сұраққа жауап беріп, оларға ағынан жарылды. Белгілі болғандай, қалыңдық жігіті райынан айнып қалады деп қорқады екен.

"Үйленуге ұсыныс жасалды. Енді той қашан болады? деген сұрақтар жаудырылды. Біз қуанышымызға шақырылатын қонақтар санын 50 адамға дейін мүлдем қысқарта алмайды екенбіз. Бастапқыда, біз барлығына пандемияны сылтауратып, өзіміз некелесе саламыз деп ойлағанбыз.
Алайда, кейіннен сүйіктім тойды қалайтынын, мені ақ көйлекпен көргісі келетінін, жас жұбайлар вальсін билегісі келетінін, ата-ананың ақ тілегін естігі келетінін айтты. Мен онымен келісьім. Карантин кезінде ешкімді ренжітпей қалай той ұйымдастыруға болады? Ойларыңыз болса жазыңыздаршы. Соза бергім келмей тұр. Мүмкін жігітім айнып қалып жатар" , - деп жазды Джуринская.

Еске сала кетейік, Жәния Джуринскаяның ғашығы үйленуге ұсынысты олар Түркияда демалып жатқан кезде жасаған болатын. Ғашықтардың видеосы желіде қызу талқыланып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875380-ajnyp-kalmaj-trganda-znia-dzurinskaa-jlenu-tojyn-tez-rada-tkizuge-asykty/

pixel