Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі рет полиция қуды": Сәдуақасова тәртіп сақшыларының назарына не себепті іліккен

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова құқыққорғау қызметкерлерінің қатысуымен келеңсіз оқиғаға тап болды. Өнер иесі нөмірсіз көлікті тізгіндеймін деп басы бәлеге қалған. Полиция қызметкерлері белгілі әншіні екі мәрте қуып, нөмірі жоқ темір тұлпарын айыппұл тұрағына алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова нөмірсіз көлікті жүргізгендіктен бірден тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Өнер иесінің темір тұлпарын көре қалған бойда полицейлер оны тоқтата берген.

Белгілі әнші тапсырыс беріп қойған жаңа нөмірі келгенше қалада осы қалыпта жүре тұруды шешкен. Алайда, бұл ойы ақыр соңында іске аспаған.

Басынан өткен даулы жағдай туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасында айтып берген.

"10 күн нөмірсіз өмірім! Байғұс көлігім не көрмеді , десеңізші, тұрған жерінен айыппұл тұрағына да алып кетті. Артымнан екі рет полиция қуып тоқтатты. Әр 100 метрден кейін қайта полицияның жігіттерімен сәлемдестім. Айыппұлдарды айтсаңызшы. Мен өзімді өте біртүрлі сезініп жүрдім, ақыр соңында, құрсыншы, мінбей-ақ қояйыншы, нөмірлері келгенше“ деп қойып қойғанмын машинаны.
Бұрыңғы нөмерлерімді күту аясында ғой. Автокөлік жүргізушілері нөмірсіз 1 сағатта жүре алмайсыз. Тырыспаңыздар.Қандай береді соны ала берген дұрыс па деген ой да мазалады. Бірақ, сол 10 күн өтті, сағына күткен нөмерлерім келді. Енді бас көшелермен де емін-еркін жүре алатын болдым. МАИ қызметкерлері жарайсыңдар, көздерің бүркіттің көздері ма деп қалдым" , - деп жазды Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879035-eki-ret-policia-kudy-sduakasova-trtip-saksylaryny-nazaryna-ne-sebepti-ilikken/

pixel