Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Қуандық Рахым шаңырақ көтерді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Қуандық Рахым жарымен
Фото: Instagram/zhuldz_kz

Отандық танымал әнші Қуандық Рахым отбасын құрды. Желіде шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісін ұзатып алып, үйіне келін ретінде түсірген сәтінен видеолар тарап кетті. Өнер иесінің жүрегін жаулаған арудың кім екені мен ол туралы тың ақпаратты KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Қуандық Рахым енді ресми түрде бойдақтар тізімінен шықты. Өткен демалыста белгілі әнші шаңырақ көтеріп, желіні айтарлықтай шулатты.

Өнер иесінің отбасын құрғалы жатқанынан қалың көпшілік хабарсыз болғаны анық. Тіпті, эстрада жұлдызының жанкүйерлері үшін бұл жаңалық нағыз тосын сый болды.

Instagram желісінде Қуандық Рахымның жүрегін жаулаған бойжеткеннің ұзатылуы кезінен фото мен видеожазбалар тарап кетті. Онда жастардың түрлі салт-дәстүрлерді орындап, некелесулеріне үлкендердің батасын алып жатқан сәті көрініс тапты.

Белгілі болғандай, өнер иесінің таңдауы Назерке есімді қызға түскен. Желідегілердің сөзінше, бойжеткен Түркістан облысы Шәуілдір елді мекенінің тумасы екен.

Ғашығының ата-анасының алдынан өткен Қуандық Рахым оны ұзатып алып, өзінің туған қаласы Жезқазғанға келін ретінде түсірді.

Желідегі көпшілік жас жұбайларды құттықтап, өзінің ақ тілектерін жолдап жарысуда. Өнер иесінің кейбір табынушы қыздары оның қуанышына ортақтасса, енді бірі сүйікті әншінсін қызғанып қалған.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев отау құрған болатын. Жас жұлдыз 21 жастағы жанкүйеріне ғашық болып, оған үйленген. Белгілі болғандай, өнерпаз сүйіктісін алып қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880211-nsi-kuandyk-rahym-sayrak-kterdi-foto-video/