Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шариғат бойынша: Актриса Жәния Джуринская некесін мешітте қидырды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская жолдасымен мешіт алдында
Фото: Instagram/khizmetov

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская шариғат бойынша мешітте некесін қидырды. Отбасылық өмірге қадам аттаған ғашықтардың бақытты сәтінде олардың қасынан ата-аналарымен ет-жақындары табылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов карантин салдарынан үйлену тойын дүркірете жасай алмай жатса да, шариғат бойынша некелерін қидыртуды жөн көрген.

Қос ғашықтың қуанышына ата-аналары, жақын туыстары мен достары жиылған. Некелесу дәстүрі Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбәрәк" мешітінде өтті.

Жас жұбайлар бұл жаңалығымен бірден өз жанкүйерлерімен бөлісіп, Instagram желісі арқылы олардың назарына некелесу кезіндегі суреттер мен видеоны ұсынды.

Желі қолданушылары Жәния мен Даниярадың ерлі-зайыпты атанғаны үшін аса қатты қуанып, өз ақ тілектерін жарыса жаудырды.

Еске сала кетейік, Жәния Джуринскаяның сүйіктісі Стамбұл қаласында оған үйленуге ерекше ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды. Актрисаның таңдауы КВН ойындары арқылы танымал шоумен Даниярр Хизметовке түскен.

Түркиядағы демалысын аяқтап болған ғашықтар елге оралған бойда тойға деген дайындықты бастап кетті. Алайда, күні кеше ғана атышулы актриса үйлену тойы тек карантин аяқталған уақытта ғана өтетінін айтты.

Айта кетейік, бір-бірін бұрыннна танитын ғашықтардың қарым-қатынасы бір жылдан астам уақыт бұрын ғана бастау алған. Олар наурызда жарияланған карантин режимін де бірге өткерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880860-sarigat-bojynsa-aktrisa-znia-dzurinskaa-nekesin-mesitte-kidyrdy-foto-video/