jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бөлек тұрамыз": Фариза Төреәлі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

    Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен өз тойларында
    Фото: Instagram/fariza_toreali

    Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы отбасылық өміріне қатысты ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жақында ғана үйлену тойын дүркірете тойлаған Фариза Төреәлі не себепті ата-енесімен бірге тұрмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Төреәлі келін атанғалы ата-енесімен бір шаңырақ астында тұрмайтынын ашып айтты. Төреғалидің қарындасы бұл шешімнің өзіндік себептері бар екенін де жасырмады. Белгілі болғандай, келіншегімен бөлек тұру - күйеужігіттің өз қалауы екен.

    Фариза Төреәлі өзін сұрақтың астына алған қалың көпшілікке Instagram парақшасында жауап беріп, аталмыш мәселеге нүкте қойды.

    "Бөлек тұрасыздар ма?" Жиі қойылатын сұраққа жауап берейін деп шештім. Жеке өмірім жайлы көп айтпасам да, арасында осындай сұрақтарға жауап беріп тұрамын. Ата-енем өте парасатты жандар, түсінігі мол және әрқашан мені қызындай қолдау береді және өте қамқор. Енем де "сені өзіме ұқсатамын, мінезіміз ұқсайды, жас кезімде сендей болғам" деп жиі айтады. ⠀ Жолдасым өзі қалаған соң, ата-анамыздың разылығымен ғана бөлек тұрамыз. Бізге тек "оқыңдар, дамыңдар, өсіңдер" деп қолдау беріп отырады. Ал мен жолдасымның қандай да болсын шешіміне қосыламын, ең бастысы - оның разылығы. Өзімнің жеке тұлғалық дамуыммен жұмыс жасаудамын. Көркем мінезді болып, ата-аналарым мер күйеуімнің разылығы ғана керек. Адам үнемі өзін есепке салып, кемшіліктерін түзеп отыруы қажет" , - деп жазды Фариза Төреәлі.

    "Бөлек тұрамыз": Фариза Төреәлі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.