RU

"Туған ағамдай": Төреғалидің күйеу баласы оны жер-көкке сыйғызбай мақтады

Төреғали Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/nortayevjj

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің күйеу баласы оны туған ағасындай көретінін айтып, жер-көкке сыйғызбастан мақтады. Белгілі спортшы қайын ағасына деген сыйластығын танытып, оған беріп келе жатқан келелі ақыл-кеңесі үшін алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлінің жолдасы Instagram парақшасында жұлдызды қайын ағасына жүрекжарды жазба арнап, оған қатысты қандай ойда екенін айтты. Дархан Нортаев Төреғали Төреәліден үйренері көп екенін жасырмады.

"Үлгі боларлық, осындай ақкөңіл ағамның бар болғанына Аллаға шүкір етемін. Әрқашан мені қолдайтын, ақыл-кеңес айтатын туған ағамдай. Төреғали сізге ең бастысы денсаулық тілеймін, Аллам тіл-көзден, жамандықтан сақтасын. Жолыңыз әрқашан ашық болсын, шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдыздай жарқырап, әлем танитын даңққа жетуіңізге тілектеспін. Аллам бақтан айырмасын" , - деп жазды әншінің күйеубаласы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлінің үйлену тойы қалай өткенін жазған болатынбыз. Жас жұбайлар қуанышын Алматының қақ ортасында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өткен. Дүбірлі шараға бірқатар шоу-бизнес өкілдері шақырылып, қонақтарға өнер көрсетті.

Бойжеткеннің таңдауы спортшы Дархан Нортаевқа түскен. Қос ғашық карантинде некелерін қидыртқанымен, кеш болса да үлкен тойын тамыз айында өткізуді ұйғарған.

Жұлдызды әулеттің ұйымдастырған мерекелік шарасы Алматы полициясының назарына ілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881281-tugan-agamdaj-tregalidi-kjeu-balasy-ony-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/