Қызымен ойнаған Жанболат пен Жазира елді сүйсіндірді (видео)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызы жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова отбасылық видеомен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты. Қыздарын қайта-қайта құшақтаған ерлі-зайыптылар желідегілерді тәнті етіп, олардың ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында жолдасы екеуінің қызымен түскен видеосын жариялап, елді сүйсіндірді. Бейнежазбада жұлдызды жұптың перзентімен ойнап жатқанын көруге болады.
Дара алдымен әкесінің одан кейін анасының қолына барып, ата-анасын қайта-қайта құшақтай еркеледі. Соған қарағанда, бұл ерлі-зайыптылардың үйге кіріп, қызымен қауышқан сәті болса керек.
Желі қолданушылары жұлдызды отбасының ерекше видеосына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін жарыса білдірген.
"Қандай керемет сәт. Көз тимесін. Сондай үлгі тұрарлық отбасысыздар" , "Жанұяларыңыз махаббатқа толы екені көрініп тұр" , "Дара ата-анасын сағынып қалған секілді. Қатты қоймай құшақтады ғой" , "Тәтті қыз қылықтарымен қуанта берсін" , "Сіздерге көз тоймайды. Өте керемет жанұясыздар", "Недеген мейірім. Бақытты болыңыздар. Тентек қыздың қылықтарын қызықтап жүре беріңіздер" , - деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова отағасы Жанболат Ербатыровты туған күнімен ерекше құттықтап, желіде оған жүрекжарды жазбасын арнаған болатын. Ол өзінің бүгінгідей әнші әрі тұлға ретінде қалыптасуында жолдасының үлесі зор екенін жасырмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881455-kyzymen-ojnagan-zanbolat-pen-zazira-eldi-sjsindirdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.