82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па (видео)
Жарияланған күні:
Ғаламтор кеңістігінде 82 жасында отау құрған Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Қазақ эстрадасының жұлдызы өзінен 45 жас кіші журналист аруға үйленген болатын. Өнер иесі желідегі мәліметтерге қатысты қандай пікір білдіргенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Нұрғали Нүсіпжановтың тағы да әке атанғаны жайлы қауесеттер түрлі әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ондағы ақпаратқа сәйкес, журналист Жадыра Сейдеш белгілі әншіге ұл бала сыйлағаны жазылған.
"Paparazzi" бағдарламасының тілшілері эстрада жұлдызынан бұл жаңалыққа қатысты пікір алмақ болып, оны сұхбатқа тартты. Алайда, өнер иесі ұлды болғаны туралы толыққанды жауап бермей қойды. Камераны көрген бойда ол қысқа сөйлеп, бұрылып кетіп қалған.
"Бәрі дұрыс, көкем. Бәрі құтты болсын деп жатыр" , - деп екі ойлы жауап берді Нұрғали Нүсіпжанов.
Еске сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші аруға үйленгені туралы ақпарат өткен жылдың 27 тамызында жарыққа шықты. Желіде Жадыра Сейдеш екеуінің тойындағы суреттері тарап кеткен болатын.
Өнер иесінің таңдауы белгілі журналист Жадыра Сейдешке түскен. Олардың таныстығы тойларына дейін бес жыл бұрын орын алған. Ақпарат өкілі әншіден сұхбат алған.
Сонымен қатар, Нүсіпжановтың досы, белгілі сықақшы Көпен Әмірбек оның шаңырақ көтеруіне қатысты пікір білдірді. Ол өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әйгілі әншінің қайтадан отбасын құруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның ойынша, қарт әртіс ұлды болуды аңсаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881654-82-zasynda-jlengen-nrgali-nsipzanovty-ldy-bolgany-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.