Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Ресейдің "Голос" жобасында төрешілерді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Әнші
Скриншот: "Голос"

Қазақстандық әнші Оксана Устинова Ресейдің "Голос" жобасында төрешілер мен тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оксана Полина Гагаринаның "Енді драма жоқ" әнін орындаған. Төрешілер арасында отырған Полина Гагарина Оксананың орындауына тәнті болғаны соншалық, әннің басында-ақ әншіге бет бұрады.

Сондай-ақ Сергей Шнуров пен Валерий Сюткин де әншіге орындықтарын бұрған.

"Сіз менің әнімнен нағыз эпос жасадыңыз", - деп таңданыс білдірді Полина Гагарина.

Алайда "Мәскеуде тұрамын, жасым 28-де. Кімді таңдарымды білмей, есеңгіреп тұрмын", - деген Оксана төрешілер арасынан "Ленинград" тобының жетекшісі Сергей Шнуровты таңдады.

"Өмірімді музыкаға арнағым келеді. Балабақшада жүрген кезімнен бастап мен барлығына супер жұлдыз болатынымды және Мәскеуде тұратынымды айтатынмын. Бала кезімде мен базарда жұмыс істедім. Анам кәсіпкер болды. Базарда бізде киім сататын бірнеше нүкте болатын. Таңертең сүт жеткізетінбіз, өйткені біздің фермамызда шамамен 5-6 сиыр болатын. Ата-анам менің ән айтқым келетінін мүлде күтпеген. Қалауымды айтқан кезде бәрі қарсы болды. Вокал сабағына түскі астан жасырын ақша жинайтынмын", - дейді Оксана Устинова.

Әнші Бастаның командасына қосылғысы келгенін, алайда рэпер оған көңіл аудармағанын айтып, ағынан жарылды.

"Мен жарыстарды жақсы көремін. Бірақ жеңуім үшін әрдайым бір қадам жетпей қалады. Мен бұған дейін Қазақстанда өткен екі байқауға қатысқанмын. Үздік үштіктің қатарына ендім, екі рет финалист болдым. Сәл қалғанда, сәттілік менен бас тартатындай", - дейді ол.

Устинова желі парақшасында өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға да алғыс айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Қытай ток-шоуының қатысушысы Димаштың қазақ тіліндегі әнін орындап, жұртты тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Данэлия Төлешова America"s Got Talent финалында әлемді таңдай қақтырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882566-kazakstandyk-aru-resejdi-golos-zobasynda-tresiler-men-tydarmandardy-tnti-etti-video/

pixel