Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Азиядағы ең сымбатты жігіттер арасында нешінші орынға жайғасты (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: "Ақ Жайық"

Әнші Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Димаш Құдайберген "The Most Handsome Asian Faces of 2020" ("Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам") байқауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылып, алғашында төртінші орыннан бой көрсеткен болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы ең сымбатты 100 ер адамды анықтады. Тізім Instagram-дағы tccasia_official ресми аккаунтында және TCCAsia каналының Weibo парақшасында жарияланды.

Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан. Бұл жаңалықпен Instagram желісінің zhongxindeying парақшасы да бөліскен. Желі қолданушылары әншіні құттықтауға кірісті.

"Димаш біз үшін бірінші орында, ол табиғи сымбатқа ие", "Керемет", "Неге 20-шы орында, ол үздік бестікте еді ғой", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін біз италиялық әнші Фабио Касале Димаш Құдайбергеннің құрметіне ән арнағанын жазған едік.

Одан бөлек, Латвия радиостанцияларының бірі қазан айын Димаш Құдайбергеннің айы деп жариялағанын жазған болатынбыз. Яғни бір ай бойы әншінің туындылары бір күнде бес реттен радиода шырқалды.

Сонымен қатар, MTV ерекше сұранысқа ие болған Димаш Құдайбергенді тағы да көрсететінін жазғанбыз. Димаш дауыс беру нәтижелері бойынша кештің ең сұранысқа ие бес әншісінің қатарына кірген екен. Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" әніне қазақша бейнебаяны MTV USA телеарнасында шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882625-dimas-aziadagy-e-symbatty-zigitter-arasynda-nesinsi-orynga-zajgasty-video/

pixel