Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі баламыз бар": Жеңісхан Момышевтың жары кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Жеңісхан Момышев қызымен
Фото: Instagram/zheniskhan_momyshev_jm

Өнер жолын әншіліктен бастап, кейін режисер болып кеткен Жеңісхан Момышев жеке өмірін қаншалықты жасырын ұстауға тырысса да, құпиясы ақыр-соңы ашылды. Белгілі болғандай, кино саласының маманы белгілі отандық бет әрлеуші Балнұр Қуантаймен көңіл жарастырған. Қос жұлдыздың ортақ екі балалары да бар болып шықты. Қос ғашық некелерін дін жолымен қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңісхан Момышев пен Балнұр Қуантайдың елден жасырған құпиясы жайлы "Опмай-Опмай" бағдарламасынан белгілі болды. Анна Данченкоға сұхбат берген макияж шебері жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарып, біраз қызықтарын айтып қойды.

"Басында қалай көрсеткен жоқпыз. Әлі күнге дейін де көрсетуге ой жоқ. Оны ер адам шешу керек. Алдымен ресми шаралар болсын. Достарға той жасайық. Сосын мүмкін болып қалар. Ерлі-зайыптымыз. Алланың алдында некемізді қидырғанбыз. Онсыз да халық бәрін біледі. Көріп жатыр.
Отбасымды көптің көзіне жария етудің қажеті қанша? Бастысы, керек адамдар бар. Қалғандарына дәлелдеп керек емес. Бірақ, достарымыз бен туыстарымыз арасында кішігірім өткізу керек қой. Сонда да жолдасыма назым, ренішім жоқ. Бізде бәрі жақсы, бәрі түзу. Бәрі бұрынанн біледі. Той дегенге екеуміздің де уақытымыз жоқ" , - деді Балнұр Қуантай.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Қайрат Түнтековтың алғаш рет әке атанғанын хабарлаған болатынбыз. "SuperStarKZ" жобасы арқылы халыққа танылған әншінің жары оған қыз бала сыйлаған.

Ал Аша Матай болса алғаш рет ажырасып кеткеніне қатысты пікір білдірген болатын. Өнер иесі көпті қызықтырған сұраққа екі ойлы жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882634-eki-balamyz-bar-zeishan-momysevty-zary-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel