Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсыныс жасады ма": Шахизаданың тұрмысқа шығайын деп жатқаны рас па (фото)

Опубликовано:

Шахизада Байбатжанова гүл шоғымен
Фото: Instagram/shahizada.art

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова желіде қызу талқыға қалды. Қалың көпшіліктің қызығушылығын өнер иесі жариялаған суреттер тудырған. Онда шоу-бизнес жұлдызы ел назарына сақинасы мен гүл шоғын ұсынған. Желідегілер әртістің тұрмысқа шыққалы жатқанын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шахизада Байбатжанова өзіне тарту етілген сыйларды көрсетемін деп, елдің сөзіне қалды. Желі қолданушылары әншінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасағанын топшылап, оны сұрақтың астына алған.

Көпшілік сақина мен гүл шоғын кім сыйлағанын біле алмай әлек болып, қызу талқы тудырды. Олар эстрада жұлдызының өмірінде әлдекімнің пайда болғанын жарыса жазып, оған үйленуге ұсыныс жасаған болуы мүмкін екенін болжады.

Instagram желісінде шу тудырған фотолардың астында өнер иесі де екі ойлы жазба қалдырып кеткен.

"Бугінгі күн мен үшін ерекше өтті. Тағы кутпеген жерден тосын сый болды. Аллаға шүкір. Әр-бір күндеріңіз қуанышқа ,махаббатқа ,бақытқа толы болсын. Бақытты болыңыздар. Рахмет" , - деп жазды Шахизада.

Әншінің жанкүйерлері аталмыш жазбаның астына жарыса пікір қалдырып, өз болжамдарымен бөлісіп жатты.

"Құтты болсын. Өміріңіз күтпеген тосын сыйларға толы болсын", "Тұрмысқа шығайын деп жатыр ма? Ұсыныс жасаған ба?" , "Бақытты болыңыз. Сақинаңыз құтты болсын" , "Сақиналы қылған кім екен?" , "Жүрегінің иесін тапқансыз ғой. Кім болды екен" , "Бақытты болыңыз. Тұрмысқа шыққалы жатырсыз ба?" , - деп жазуда көпшілік.

Алайда, Шахизаданың өзі жанкүйерлерінің болжамдарына қатысты ресми жауап берген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882670-synys-zasady-ma-sahizadany-trmyska-sygajyn-dep-zatkany-ras-pa-foto/

pixel