Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Say Mo құрбысының тойындағы биімен желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Say Mo билеп жатыр
Видеодан кадр: Instagram/say_mo__

Жақында ғана ресми түрде қалыңдық атанған Say Mo құрбысының тойын жандырды. Әнші ару қонақтар арасынан би жарысына шығып, көпшілікті таңдай қақтырды. Өнер иесі бөксесімен заманауи би билеп, тойшыл қауымға нағыз тосын сый жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған Мөлдір Есембек құрбысының үйлену тойында бидің түбін түсірген. Әнші ортаға шығып, қонақтарға қалай билеу керектігін көрсетті. Ол көйлегінің ұзындығына қарамастан сәтті билеп, көпшілікті аса қатты таңғалдырды.

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбадан шоу-бизнес жұлдызының бөксесін лақтыра билегенін көруге болады. Оған қоса, бойжеткен жерге жатып алып та билеп кетті. Мөлдірдің аса батыл биін оның болашақ жолдасы Шәріп Серік видеоға түсіріп алған. Белгілі актер үшін жарының мұндай биі мүлдем ерсі көрінбесе керек.

Алайда,желі қолданушыларына алдағы уақытта ақ босаға аттайтын қыздың бұл қылығы жақпай қалған. Олар Say Mo-ның әрекетін қалыңдыққа сай емес екенін айтып, сынап тастады.

"Ол билеп жатса да, күйеуінің алдында мен ұялып тұрмын" , "Сөз жоқ, ұятсыз" , "Тұрмысқа шыққалы жатқан қызға сай емес қылық танытып жатырсың", "Жолдасыңның туысқандары таңғалып отырған болар" , "Ұят емес пе, енді ата-енең бар дегендей" , "Жолдасыңызбен бірге жүрсіз, кішкене болсын ұялсаңызшы" , "Қандай келін болар екенсің", - деп жазуда көпшілік.

Кейбір оқырмандар өнер иесінің би шеберлігін аса жоғары бағалап, онда тұрған ештене жоқ екенін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Say Mo енесімен түскен суреттерін жариялап, елді таңғалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883021-atysuly-say-mo-krbysyny-tojyndagy-biimen-zelini-zardy-video/

pixel