Әзілкеш Қайрат Әділгерейдің төртінші перзенті дүниеге келді
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар Қайрат Әділгерей тағы да балалы болды. Белгілі әзілкештің төртінші перзенті дүние есігін ашты. Өнер иесінің келіншегі оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Әділгерей отбасының тағы бір сәбимен толыққанын бірден желі қолданушыларына жеткізген. Бақыттан басы айналған әке өз қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.
"Әзіл әлемінің" жұлдызы отбасылық фотосын жариялап, қалың көпшіліктен сүйінші сұраған. Әзілкештің жары оған үшінші қызды сыйлаған.
Ерлі-зайыптылардың дүниеге енді ғана келген кішкентай нәрестеден басқа тағы үш баласы бар. Олар сәбимен қатар бір ұл мен екі қызды тәрбиелеп отыр.
"Сүйінші ағайын Алланың қалауымен Бақыт Тұрман екеуміз қызды болдық! Аллаға шүкір" , - деп жазды Қайрат Әділгерей.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерейдің төртінші мәрте балалы болатынын хабарлаған болатынбыз. Ол кезде бұл жаңалықты өнер иесінің келіншегі жария еткен еді.
Оған қоса, жақында әнші Қайрат Түнтеков алғаш рет әке атанды. Үйленгенін де жасырған эстрада жұлдызы қызды болған. Оның отбасындағы жаңалықтарымен өнердегі досы Бағлан Жолдасов бөлісті.
Сонымен қатар, Луина да алғаш рет тұңғышын көрсетіп, барша жанкүйерлерін бір қуантты. Ол ерекше отбасылық суретін ел назарына ұсынып, көпшілікті тәнті етті.
Луинадан қалыспай, атышулы блогер ару Айжан Байзақова да алғаш рет ұлының түрін көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883356-zilkes-kajrat-dilgerej-tagy-da-ke-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.