Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық масканы ұмытқан": Ләйлә Сұлтанқызы отандастарына үндеу жасады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізкші Ләйлә Сұлтанқызы қазақстандықтардың карантинге немқұрайлы қарай бастағанын алға тартты. Ақпарат өкілі отандастарының бетперде мен арақашықтықты мүлдем ұмытқанына көзі жетіп, оларға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы барша Қазақстан азаматтарын санитарлық нормаларды сақтап, вирустан барынша қорғанып жүруге шақырды.

Тележүргізуші әуежайға барғанда халықтың карантин талаптарын мүлдем ұстанбайтынын өз көзімен көрген. Оның сөзінше, көпшілік бетпердесіз жүріп, арақашықтықты сақтау дегенді қойған.

Ақпарат өкілі жұртшылық осылай емін-еркін әрі алаңсыз жүре берсе, қауіпті індет өршіп кетуі мүмкін екенін ескертті.

Сұлтанқызы отандастарына деген маңызды үндеуін Instagram парақшасында жасады.

"Кеше Нұр-Сұлтаннан Шымкент қаласына ұшқанда не байқадым? Әуежайда дистанция дұрыс сақталмаған, масканы ұмытқан апыр-топыр жанталасқан адамдарды көрдім. ⠀ Енді тек балаларымыз алаңсыз мектебіне барып, мұғалімдерімен қауышуға аз қалып, ұл-қыздарымыздың тойын тойлап, ағайын-тумамен бөлісетін сәтке жеттік -ау дегенде, covid19 ушығып шыға келмесін. ⠀ Айналайын мені оқып отырған балапан, құлыншақ, ата-аналар, маска мен антисептик ұялы телефон мен құлаққап сияқты достарымызға айналсыншы. Өзіңізді қорғағаныңыз өзгені де қорғағаныңыз. Оған қоса аязды күндері масканың пайдасы зор, модный трендке те айналуда. Дені сау,сәнді болып жүргенде не жетсін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Елімізде науқастардың саны күн сайын артып барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883363-halyk-maskany-mytkan-ljl-sltankyzy-otandastaryna-ndeu-zasady/

pixel