Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасына сай емес": Оқушы кейпіндегі Сәдуақасова елге жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова оқушы кейпінде
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ерекше образын паш етпек болып, елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары оқушы кейпіне енген өнер иесін жасына сай емес, қысқа киімі үшін сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова ел наразылығын тудырған фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда эстрада жұлдызы оқушы қыздың образында қысқа юбкамен болған.

Желі қолданушылары бірден оның жаңа фотосессиясына қатысты пікірталас ұйымдастырып, өз ойымен бөлісті. Пікір білдірушілердің көбісіне әншінің тым қысқа киім киіп алғаны ұнамай қалған. Олар суреттегі образ өнер иесінің жасына мүлдем сай емес екенін алға тартты.

Алайда, желідегілер арасында Сәдуақасованы қолдап шыққандар да бар болып шықты. Олар шоу-бизнес өкіліне кез келген киім үлгісі жарасатынын жазуда.

"Не үлгі? Не өнер сіздікі? Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деп жүрсек" , "Ренжімеңіз түк жарасып тұрған жоқ" , "Ұят екен. Мынандай қысқа киіммен фотограф алдына қалай шықтың?" , "Жасыңызға сай емес" , "41 жасқа келіп, істеп отырған тірлігіңіз ерсі" , "Не отырыс бұл? Ұят қайда?" ,
"Қыз қырықта қылық шығарады деген осы екен" , "Сөз жоқ. Күйеуіне сабыр берсін" , "Мадина көптің сөзіне құлақ аспаңыз. Сізге бәрі жарасады", "Сондай сүйкімдісіз" , "Жолдасы рұқсат етпейтін еді ғой. Мынадай фотосессия жасаған болса, ажырасып кеткені ме?" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы Say Mo құрбысының тойында бөксесімен билеп, елдің сөзіне қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883720-zasyna-saj-emes-okusy-kejpindegi-sduakasova-elge-zakpaj-kaldy-foto/

pixel