Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоштасатын күн келді": Сәдуақасова маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасованың желідегі соңғы жазбасы барша жанкүйерлерін уайымға салды. Соңғы уақытта өміріне түрлі өзгеріс енгізіп жүрген өнер иесі енді көптеген адамдармен ортақ жұмысы мен байланысын үзе бастаған. Эстрада жұлдызы өнер жолында кіммен қоштасқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова шаш үлгісі мен стиліне өзгеріс енгізіп қана қоймай, айналасындағы адамдарды ауыстыруды жөн көрген. Әнші Instagram парақшасында осы күнге дейін өзімен жұмыс істеп келген шығармашылық топпен қоштасатынын мәлімдеді.

Ол өз командасын қимай, оның әрбір мүшесін кәсіби маман ретінде мақтап шықты. Алайда, ұзақ жыл бірге еңбек еткен соң, екі тараптың арақатынасында дағдарыс орын алғанға ұқсайды. Олар бір-біріне берері де, алары қалмаған кез орнағанын жасырмады.

Бұл мәселеге қатысты эстрада жұлдызының жантебірентерлік жазбасы желі қолданушыларын алаңдатып қойды. Көпшілік соңғы уақытта Сәдуақасованың өмірінде өзгерістер көбейіп кеткенін алға тартып, оның мұндай шешімдеріне түрткі болып тұрған маңызды жайттың барына кәміл сенімді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасованың оқушы кейпіндегі жаңа фотосесиясы желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары тым қысқа юбка киген өнер иесін аяусыз сынап, оның жасына сай емес образына қатты шүйліккен.

Сонымен қатар, Сәдуақасова соңғы уақытта махаббатқа қатысты жазбалар жиі жариялауда. Шоу-бизнес жұлдызы қазіргі заманның махаббаты тақырыбын көтеріп, ешкімге сенуге болмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883911-kostasatyn-kn-keldi-sduakasova-mayzdy-mlimdeme-zasady/

pixel