Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей жары мен достарымен
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Отандық танымал тележүргізуші әрі актер Қайрат Әділгерей келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып кетті. Әзілкештің жары Бақыт Тұрман жақында оған төртінші перзентіты сыйлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерейдің әйелі мен сәбиін перзентханадан шығарып алғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Танымал әзілкештің қуанышты күні түсірілген кадрлар мен бейнежазбалар Instagram-дағы түрлі парақшаларға жарияланып кеткен.

Сонымен қатар, әкесі мен қызының алғаш қауышқан сәтіне журналист Анна Данченко да куә болып қайтқан. Белгілі тележүргізуші төрт дүркін әке болған актердің сәбиін қалай қарсы алғанын видеоға түсіріп алған.

Қайрат Әділгерей жарының перзентханадан шығуын нағыз концерт сияқты тойлаған. Емхана алдында оның өнердегі бауырлары ән салып, бақытқа толы сәтке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ерлі-зайыптылардың қуанышына ортақтасып келген достары дүниеге төртінші перзентті алып келген Бақыт Тұрманға гүл шоқтары мен шарларды тарту етті.

Жиналған көпшілік оларға және жаңа туған нәрестеге өз ақ тілектерін айтты.

Еске сала кетейік, Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманның төртінші перзенті 5 қараша күні дүниеге келген болатын.

Оған қоса, бірер күн бұрын әнші Ернар Айдардың екінші перзенті дүниеге келді. Өнер иесі әйелі мен қызын перзентханадан күні кеше шығарып алған. Белгілі болғандай, әртістің екінші қызына Мейрамбек Бесбаев пен оның жары кіндік әке-шеше атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884058-kajrat-dilgerej-jeli-mn-kyzyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel