Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Сәдуақасова мен Оразымбетованың жас кезіндегі фотосы пайда болды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мен Гүлнұр Оразымбетованың жас кезі
Фото: Instagram/juldyzdar_alemi

Ғаламтор кеңістігінде қазақстандық эстрада жұлдыздары Мадина Сәдуақасова мен Гүлнаұр Оразымбетованың жастық шағындағы суреті тарап кетті. Қос әншінің бірнеше жұл бұрын түсірілген фотосы бірден желідегілер арасында қызу талқыланып, пікірталас тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова мен Гүлнұр Оразымбетованың жас кезіндегі суреті Instagram желісіндегі juldyzdar_alemi парақшасында жарияланды. Фотода қос әншінің бейтаныс әйелді орталарына алып тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары екі жұлдыздың жастық шағындағы бейнесіне қатысты сансыз пікір айтты. Олардың кейбірі өнер иелері өз қалпын сақтап қалған деп есептесе, енді бірі әншілердің пластикалық отаның арқасында қатты өзгергенін алға тартты.

"Гүлнұр Оразымбетова қатты өзгеріп кетіпті" , "Екеуінің түрі де қазір басқаша.Бәрі бүгінгі заманауи тюнингтің арқасы" , "Пластиканың арқасында бүгін түрлерін жасап алған" , "Осы кезде табиғи сұлулық болған. Бүгін бәрі бір-біріне ұқсап кеткен заман болды" , "Түрлерін-ай. Мадинаның келбеті сән-ақ, Оразымбетованы әрең таныдым" ,- деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова өзінің маңызды мәлімдемесімен барша оқырмандарын алаңдатып қойды. Әнші біраз уақыттан бері қасында болған адамдармен қоштасатын уақыты келгенін айтып, елді ойландырып қойды.

Оған қоса, Сәдуақасованың оқушы кейпіндегі жаңа фотосесиясы желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары тым қысқа юбка киген өнер иесін аяусыз сынап, оның жасына сай емес образына қатты шүйліккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884152-zelide-sduakasova-men-orazymbetovany-zas-kezindegi-fotosy-pajda-boldy/

pixel