Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірімді бол": Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасы елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет хиджабпен
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбеттің желіде жариялаған соңғы жазбасы баршы оқырмандарын терең ойға түсірді. Өнер иесі кешірімді болу жөнінде жазып, ел арасында өзінің Дәуренмен қайта қосылғаны жайлы болжамдар тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялаймын деп, елдің қызу талқысына қалды. Көпшіліктің асқан қызығушылық танытуына әнші арудың кешімрімділік туралы жазғаны себеп болған.

"Ұмытыңыздар. Алла разылығы үшін кешіре біліңдер. Кешірімді бола біліңдер" , - деп жазған шоу-бизнес жұлдызы.

Ақбота Сейітмағамбеттің бұл жазбасы оның бірқатар оқырманын ойландырып қойған. Олар жаппай өнер иесінің бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловпен қайта қосылды деген болжам жасаған. Кейбір желі қолданушылары экс-жұбайлардың табысқанын қалайтынын жазып, екеуі бір-біріне тағы бір мүмкіндік беруі тиіс екенін айтуда.

"Кешіріп, қайта қосылған ғой шамасы. Екі бала бар, дұрыс бірге болыңыздар" , "Қайта қосылдыңыздар ма? Кешірдіңіз ба?" , "Дұрыс Ақбота кешіріңіз оны. Сіздер керемет жұпсыздар" , "Бұл жазба не мағына береді? Демек қосылған ба?" , "Дәуренмен қайта қосылыңызшы. Ол сізді жақсы көреді" , "Қайта табыссаңыздар дұрыс болар еді" , "Махаббаттарыңыз мықты еді. Неге бір мүмкіндік беріп көрмеске" , "Елдің сөзін тыңдамаңыз. Өз бақыттарыңыз өз қолдарыңызда" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін өнер жұлдыздары Ақбота Сейітмағамбеттің оранып кеткеіне қатысты өз пікірлерін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884517-kesirimdi-bol-akbota-sejitmagambetti-zazbasy-eldi-ojlandyryp-kojdy/

pixel