Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа құрбан": Дәурен Айдарқұлов пен Бибігүл Ақтанның суреті қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов пен Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов желіде көпшілік назарын тағы да өзіне аудартты. Өнер иесі белгілі актриса Бибігүл Ақтанмен түскен фотосымен бөлісіп, халық арасында қызу талқыға қалды. Кейбір оқырмандар кино саласының жұлдыздарын өзара қосып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов Бибігүл Ақтанмен түскен фотосымен желіні шулатты. Ол кино саласынағы әріптесімен түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, елден оңбай сөз естіді.

Желі қолданушылары жақында ғана ажырасқан актердің өзге арумен отырғанын байқап, оған қатысты сансыз пікірлер қалдырды. Кейбір оқырмандар көпбалалы әкенің бұл әрекетін сынға алса, енді бірі оны Бибігүл Ақтанға қосып, оларға бақыт тілеп жатты.

Сонымен қатар, пікір білдірушілердің басым көпшілігі фотодағы актрисаны Айдарқұловтың бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбетке қатты ұқсатқан.

"Ақботадан айнымайды" , "Ақботаның сыңарын тауып алыпсыз" , "Кездесіп жүрсіздер ме? Бақытты болыңыздар" , "Жақсы жарасасыздар. Бәрі бақытқа лайықты ғой" , "Бәсе, жоғалып кетіп едің" , "Әдемі қыз екен. Дәурен тез-ақ тауып алады екен" , "Киноның түсірілімі секілді. Бірақ, шынайы өмірде қосылып кетулеріңіз де мүмкін. Ботамен солай болып еді" , "Кездесіп көрсеңіздерші" , - деп жазуда желідегілер.

Өнер иесінің қызу талқыға түскен фотосының астына оның әзіл әлемі бойынша әріптесі Мейіржан Төребаев та өз ойын жазып кеткен. Ол Айдарқұловқа "жаңа құрбан" деген қысқа да нұсқа пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушыларын Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасы қатты ойландырды. Әнші ару кешірімді болу туралы ойын жазып, ел арасында өзінің Дәуренмен қайта қосылғаны жайлы болжамдар тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884568-zaa-krban-duren-ajdarklov-pen-bibigl-aktanny-sureti-kyzu-talkyga-tsti/

pixel