Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди туған күнін жұлдызды достарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Сиви Махмуди мен Анна Данченко туған күн кешінде
Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди 33 жасқа толуына орай, барша жақын адамдарының басын қосты. Өнер иесі туған күнін алматылық мейрамханалардың бірінде эстрада жұлдыздарымен бірге атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди өзінің жеке мерекесін естеқаларлықтай ерекше тойлатқысы келген. Ол үшін әнші туған күніне арнайы жүргізушілерді шақырып, жұлдызды қонақтарына қызықты шоу-программа құрастырған.

Өнер иесін жаңа жасымен құттықтап келген көпшілік түрлі ойындарға қатысып, күлкілі тапсырмаларды орындаған. Туған күн кешінің үзінділерімен Сиви Махмуди өзінің Instagram парақшасында бөлісіп отырды.

33 жасқа келген әнші өзінің қуанышына шақырту алған барша қонақтарына арнайы киіну үлгісін бекіткен. Ол барлығы "Men`s style" дресс-кодын ұстануын сұраған.

Махмудидің сөзін бірде-бір қонағы жерге тастамаған. Туған күн кешінде болғандардың барлығы дерлік дресс-кодты сақтап келген.

Сивидің туған күн кешінде бірқатар отандық шоу-бизнес жұлдыздары да кездесті. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова, Алмас Кішкенбаев, Дана Кентай, Диана Исмаил, Айдарбек Рысбек, Анна Данченко және тағы да басқа өнер иелері бар.

Айта кетейік, бұған дейін Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қызының туған күнін бірге атап өткен болатын. Асылымның жеке мерекесіне ерлі-зайыптылардың өнердегі және өмірдегі жақын достары жиналды. Жас ата-ананың қарым-қатынасы әлі де қызу талқылануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884797-sivi-mahmudi-tugan-knin-zldyzdy-dostarymen-birge-atap-tti-foto-video/

pixel