Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайта қосылған ба": Арман мен Аша қызының туған күнін бірге атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қызымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал жұлдыздар Арман Қоңырбаев пен Аша Матай тұңғыш қызы Асылымның туған күнін жұлдызды достарымен бірге атап өтті. Бұл ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені жайлы қауесеттерден кейін алғаш рет ел алдына бірге шығуы болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қызының туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде ерекше атап өтті. Асылымның жеке мерекесіне ерлі-зайыптылардың жұлдызды достары мен олардың балалары шақырылған.

Туған күн кеші ертегі әлемінің форматында өткен. Жиында балаларды ойнататын аниматорлар мен түрлі қызықтар көп болды.

Арман мен Ашаның қуанышына орай келген жұлдызды қонақтар арасында Салтанат Бақаева, Альбина Шардарова, Ольга Ким және тағы да басқалары болған. Олар туған күн кезінде жасаған фото мен видеожазбаларымен Instagram желісінде бөліскен.

Асылымның ата-анасы өздеріне қатысты қауесеттерге қарамастан тұңғышының туған күнін абыроймен өткізген. Бұл ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені жайлы ақпараттардан кейін алғаш рет бірге ел алдына шығуы.

Соңғы кезде халық арасында қос жұлдыздың айырылысып кетіп, бөлек тұратыны жайлы әңгімелер есіп жүр. Көпшілік әртістердің қарым-қатынасына алаңдаушылық білдіріп, олардың бірге көрінбей кетуінің себебін анықтай алмай әлек болды.

Алайда, өнер иелері өздерінің ажырасып кеткенін ресми түрде әлі де растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Аша Матай өзінің берген сұхбаты кезінде алғаш рет жолдасымен ажырасып кеткеніне қатысты пікір білдіріп, елді одан бетер қызықтырып қойды. Ол көпті қызықтырған сұраққа жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1882995-kajta-kosylgan-ba-arman-men-asa-kyzyny-tugan-knin-birge-atap-tti-foto-video/

pixel